Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

«Алматы-Бішкек» тас жолы құрылысының 60 пайызы аяқталды

560 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы-Бішкек» тас жолы құрылысының 60 пайызы аяқталды

Жолдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын үлкен эстакада салынады.

«Қазавтожол» компаниясы мамандары оны толығымен 2021 жылы пайдалануға беріледі.   Ал, оған дейін қалаға кіріп шығатын тұрғындарға кептеліспен жүруіне тура келеді», деп хабарлайды Алматы облысы  әкімдігі баспасөз қызметі.

Көлік тізгіндеген жандар үшін тас жолдың талқандалуы қиыншылыққа соқтығатыны рас. Сондай мәселелердің бірі – республикалық деңгейде жол болып табылатын «Алтын Орда» базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек күре жолы. Әрі-бері осы тас жолдың бойымен өткен жолаушылардың жанайқайынан «құрылыс жұмыстары қашан бітеді, ескі күре жолдың алдағы түрі қандай болмақ?» деген сан сауалдарды естіп жататынымыз да белгілі.
Жалпы, тас жолдың құрылыс жұмысы 2017 жылдың қараша айында басталған еді. Ұзындығы 3 шақырым 859 метрді қамтитын бұл жол бөлігінің кеңейтілуі алдағы екі жыл ішінде ерекше түрге еніп, қазіргі көрінісінен мүлдем өзгеше болмақ. Аталған Нақты айтқанда, Ақсай өзенінен Асыл арман тұрғын үй кешеніне дейін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жасау.
Бірінші кезеңде жобаланып отырған жол бөлігінің құрылыс жұмысы 2020 жылдың шілде айына жоспарлануда. Бұл уақыт арасында Алматы қаласының шыға беріс жолы мен Ақсай өзені арасындағы тас жолдың жөнделуі көзделіп отыр. Яғни, «Алматы-Бішкек» даңғыл жолында орналасқан «Алтын орда» базар маңындағы 16-19 км аралықтағы жол бөлікті айтуға болады. Осы аралықта алдымен автокөліктерге арналған қарама-қарсы бағытта бес-бестен он жолақты жолдар жасалынатын болады. Ондағы бес жолақтың екеуі, еш бұрылысты қажет етпейтін транзиттік жол ағымына арналған. Қалған екі жолағы жергілікті жүру жолдарына лайықты етіліп жасалынбақ. Яғни, бұл жолдар арқылы жан-жаққа бұрылып, өз бағытыңызбен кете берсеңіз болады. Аталған транзиттік пен жергілікті жол жүру жолдарының арасын 0,5 (жарты) метрлі қауіпсіз жолағы бөліп тұрады. Сондай-ақ, 5 жолақтың соңғы, әрі шеткісі тек қоғамдық көліктерге арналатындай болып салынбақ. Осындай қарама-қарсы бағыттағы екінші 5 жолақ та дәл осы типте болады.

«Алтын Орданың сағызша созылған құрылысы қалалықтарды әбден қажытып бітті. Қалаға кіріп-шығу жолында   ұзын сонар кептелістің қысқарар түрі жоқ. Екі жылға жуық уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан құрылыстың әлі 40 пайызы аяқталмаған», дейді Қазавтожол мамандары.  

Қазіргі таңда жол жұмыстарының 60 пайыздан астамы аяқталды.

Бұл жобаның барысында біз негізгі жолдың бойында ұзындығы 700 метрді құрайтын үлкен эстакада салынады. Және «Апорт», «Леруа Мерлен», «Жеті құрдас» сауда кешендерінің маңында айналма эстакадасы салынады таға тәріздес. Және Ақсай өзенінен өтетін 8 жолақты көпір салынады. Сонымен қатар, «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің алдында «Алтын орда» мен «Барлық» базарын бір-біріне қосатын жерде және «Апорт» кешененің маңында жолүсті жаяу жүргіншілер жолы салынады»,  деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаев.

 

АЛМАТЫ