Қазақстан • 21 Тамыз, 2019

Түркі Академиясының президенті Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Бұл туралы twesco.org хабарлады.

Түркі Академиясының президенті Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті

Кездесу барысында Халықаралық Түркі Академиясы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту жолдары қаралды. Дархан Қыдырәлі өз сөзінде Академияның Өзбек елінде археологиялық экспедициялар ұйымдастырып, оны жүзеге асыруға дайын екендігін жеткізді. Ал Саидикрам Ниязходжаев өз кезегінде Академия  басып шығарған Әлішер Науаидің шығармалар жинағына өте жоғары баға беріп, ерекше алғысын білдірді.

Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі алдағы уақытта бүкіл түркі дүниесіне ортақ Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн сияқты тұлғалардың мол мұрасын бірігіп зерттеу қажет деген ой айтты. Және бұл істе елшілік тарапынан қолдау болатынын жеткізді. Кездесу соңында Саидикрам Ниязходжаев Академияның кітапханасына Әлішер Науаидің өзбек тілінде жарық көрген жыр жинағын сыйға тартты.