Түбі бір түркі екенімізді ескерсек
Жұма, 18 қаңтар 2013 7:51
Өзбекстандағы ағайындар Қазақ елінің латын әліпбиіне көшу бастамасын толық құптайды деген сенімдемін өз басым. Алайда, бір ескерерлігі, өзбек елінде алдын ала дайындықтың жеткіліксіздігінен латын әліпбиіне көшу кезінде көптеген қиындықтар кездесті. Ал қазақ мектептері бүгінге дейін кириллицаны пайдалануда. Оның себебі, қазақ және өзбек елдерінде оқулықтардың екі түрлі әліпбимен шығуына байланысты болып отыр. Алдағы кезде Өзбекстандағы қазақ мектептерінің тағдыры не болмақ? Екі ел басшылары жиі кездесуде. Сол кездесулерде осы мәселе ұмыт қалмаса дейміз. Барлық қазақ бір әліпбиге көшетін күн алыс емес. Бірақ, бүгінгі жастарды ұмытпайық.

Шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысында біздің балалар үшін кәсіптік мамандық беретін колледж, гимназиялар ашу жөнінде ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында уәде берген еді. Осы мәселе де тез шешімін тапса дейміз. Сондықтан әлемдегі барша қазақ тек қана бір әліпбиге көшсе, өте қуанарлық жәйт болар еді.
Түркі елдерінің бір-бірімен қарым-қатынасы жақсаруы үшін де бірыңғай әліпбиге көшу тым маңызды екендігін ұмытпасақ деймін…
Тұрсымат ҚАЛБАЕВ,
Өзбекстандағы қазақ мәдени
орталығының бұрынғы төрағасы,
тарихшы, дербес зейнеткер.