Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Елорда әкімі өсімдіктері қурап жатқан бірнеше саябаққа барды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі А. Көлгінов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрімен бірге саябақтар, бульварлар мен ботаникалық бақтарды аралап, жаяу жүріп өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорда әкімі өсімдіктері қурап жатқан бірнеше саябаққа барды

Мәселен, өткен жылы ғана ашылған «Жетісу» саябағында ағаштар құрғап, құрғақ шөптер алынбаған. Сондай-ақ ағаштардың қураған бұтақтары кесілмеген. Суару жүйесі аумақта жұмыс істемейді. Кейбір ағаштар судың жетіспеуіне байланысты өте нашар хәлде. «Нұрлы жол» желекжолында кейбір гүлзарларда гүлдер жоқ, ағаштар кебуде. Ғашықтар саябағы да дәл осындай жағдайда, сынған плиталар фонтан келбетін бұзып тұр.

Ботаникалық бақта гүлдер отырғызылып, көгалдар төселіп, суару жүйесін қалпына келтіріп, субұрқақтардың жұмысын іске қосты. Мұнда да ағаштар, бұталар егілуі керек. Әкімшілік ғимараттарының алаңында суарудың дұрыс еместігінен және арзан шымтезек таңдау салдарынан гүлдер солған. Өсімдіктермен бірге арамшөптер өседі.

Қала әкімі атап өткендей, «Астана-Зеленстрой» АҚ жұмысын қалпына келтіру, өсімдіктерді емдеу және тұрақты негізде ағаштарды, гүлдер мен бұталарды суарумен айналысу қажет.