Форумның ұйымдастырушылары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыс әкімдігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.
Форум 4 бағытта: SOCIAL–ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO–ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT–ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» тақырыптарында өткізіледі.
Форум жұмысына бизнес-құрылымдар, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдар өкілдері қатысуда.
С.Торайғыров атындағы университет ректоры м.а. Мейрам Бегентаев сөз сөйлеп, форумға қатысшылар жұмысына сәттілік тіледі.
Ал, екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі.
Мақсат-үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар мәселелерін талқылай алады.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, форумда мастер-класстар, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қойылмақ.
«ASAR activity» жобасы барысында форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық шарасына қосылады.
Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге арналған.
ПАВЛОДАР
Суретті түсірген: Руфина Торпищева