Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Қарағандының жас футболшылары топ жарды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында 2010-2011 жылдары туған балалар арасында футболдан өткен турнирде Қарағандының «Шахтер-2010» командасы тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды.

Қарағандының жас футболшылары топ жарды

Станислав Тарасовтың шәкірттері  топтық сыннан сәтті өтіп, жартылай финалды Павлодардың «Қуат» командасын 5:2 есебімен тізе бүктірді. Ал финалдық кездесуде олар Екібастұздың «Батыр» ұжымынан 4:2 есебімен басым түсіп, жеті команда қатысқан турнирдің жеңімпазы атанды.

Турнир қорытындысында «Шахтер-2010» командасының ойыншысы  Владислав Ревуцкий «Үздік қақпашы» жүлдесімен марапатталды.

 

Қарағанды облысы