Спорт • 22 Тамыз, 2019

Данияр Елеу­сіновтің жекпе-жек уақыты белгілі болды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстың жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеу­сінов (7-0, 3 КО) 13 қыркүйекте шар­шы алаңға көтеріледі. Бұл туралы Matchroom промоутерлік компаниясы хабарлады.

Данияр Елеу­сіновтің жекпе-жек уақыты белгілі болды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ор­наласқан Madison Square Garden арена­сының Hulu Theather атты кіші залында өтетін бокс кешінде Елеусінов жергілікті боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Елеусінов – Хикс жекпе-жегі америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) айқасының андеркартында өтеді.

Айта кетейік, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 25 мамырда АҚШ-та өткізіп, чилилік қарсыласы Луис Норамбуэнадан (3-4-1,0 КО) төрешілердің шешімі бойынша басым түскен еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025