Еске салсақ, Алматы қаласының әкімдігі биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясын бастаған.
Акция 30 қыркүйекте аяқталады.
«Жанұя» Мамандандырылған кешені республикадағы ең ірі кешен болып табылады. Балалар үйінде әртүрлі созылмалы дертке шалдыққан 511 бала оқиды және тұрады, олардың 74-і жетімдер.
Балалар үйінде жылы ахуал қалыптасқанын және тәрбиешілердің қамқорлығын атап өткен жөн. Педагогтардың күш-жігерінің арқасында балалар үйінің тәрбиеленушілері Республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы байқауында, сондай-ақ Марат Оспанов атындағы «Қоғамдық қордың» балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болған.
АЛМАТЫ