Жұмысшылар 455 үйді бұзып, қайта тұрғызуда. Қазіргі уақытта 53 апатты саман үйлердің иелеріне жаңа кірпіш үйлер салынды, қазір олардың 46-ында өңдеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар, жөндеу жүргізумен келіспейтін 15 тұрғын үй иесі қалып отыр. Штаб өкілдері даулы мәселелерді жергілікті жерлерде қарастыруда.
Бекітілген учаскеде қалпына келтіру жұмыстарын толығымен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының секторлары жүргізді.
Павлодар, Маңғыстау облыстары, БҚО, ШҚО, Шымкент қ.және Алматы қ. секторларындағы жұмыстар аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, аса қираған учаскелерде 5 мыңға жуық құрылысшы еңбек етуде. Тағы 2 мыңға жуық жұмысшы қалған 10 әлеуметтік нысанды қайта жаңартуда (оның ішінде - 3 білім беру нысаны, 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 спорт және Даңқ аллеясы).