Қоғам • 22 Тамыз, 2019

Кешенді тестілеу кезінде 1021 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Дидар Смағұлов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың қатысуымемагистратураға түсу үшін өткізілген кешенді тестілеудің қортындысына арналған брифинг өтті.

Кешенді тестілеу кезінде 1021 қатысушы ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған

Кешенді тестілеуге қатысу үшін 30 579 өтініш қабылданып, тестілеуге 28 131 адам қатысты, бұл өтініш берген түсушілердің жалпы санының 92%-ын құрайды.

КТ өткізу үшін аймақтарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіліп, Республикалық апелляциялық комиссия және жергілікті жерлерде апелляциялық комиссия құрылды. Сонымен қатар медициналық көмек көрсету пункттері ұйымдастырылып, тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Сондай-ақ бақылаушылар ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен Арнайы мониторингтік топтар тартылды.

«1021 тестіленуші КТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды», - деді ҚР Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а Дидар Смағұлов.

КТ кезінде 217 аудитория пайдаланылды. Барлық аудиториялар ұялы байланыс құралдарының сигналдарын басу және бейнебақылау құрылғыларымен қамтамасыз етілді.

Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін шекті балл кемінде 75 балды, ақылы негізде қабылдау үшін - кемінде 50 балды құрайды. Бөлімдер бойынша: шет тілі бойынша - кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тестілеуден - кемінде 7 балл, әр бейінді пәннен - кемінде 7 балл.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін шекті балл кемінде 50 балл, ақылы негізде қабылдау үшін – кемінде 25 балл. Бөлімдер бойынша: оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, әр бейінді пәннен - кемінде 7 балл.

КТ нәтижесі бойынша 12 853 үміткер немесе тестілеуге қатысушылардың 45,7%-ы мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.

КТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 3 адам қатысты, олар үшін жеке аудиториялар, жеке көмекшілер, сондай-ақ сурдоаудармашылар ұсынылды. Ғимаратқа кіргізу кезінде 25 бөгде тұлға анықталды және олар тестілеуге жіберілмеді. Сонымен қатар 1021 тестіленуші КТ өткізу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кіргізу және тестілеу барысында 20497 смартфон мен электрондық құрылғылар, 498 шпаргалка, 373 калькулятор және басқа да тыйым салынған заттар тәркіленді. Апелляцияға барлығы 1642 өтініш қабылданды, оның ішінде тест тапсырмаларының мазмұны бойынша – 1580, техникалық себептер бойынша - 62.  Оның ішінде, 346 өтініш қанағаттандырылды, 1296-ы- қағанаттандырылмады.