Қоғам • 23 Тамыз, 2019

ҚАЖ мекемелеріндегі заңдылық жайы қаралды

127 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қылмыстық-атқару жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйін талқылады.

ҚАЖ мекемелеріндегі  заңдылық жайы қаралды

Бас прокурор қабылданған шараларға қарамастан, қыл­мыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде әлі де болса сот­талғандардың құқықтарын бұзуға жол берілетінін атап өтті. Осыған орай ел Президенті Бас про­куратураға азаптауларға мұқият тексеру жүргізуді, ал ІІМ-ге түзеу мекемелерін жаңғыр­туды және азаматтық бақылауды күшейтуді тапсырды.

Үйлестіру кеңесі мүшелерінің пікірінше, жағдайды түзету үшін кешенді іс-шаралар қабылдануы, соның ішінде барақтан камерада ұстауға көшу, медициналық бөлімдерді колониялар әкім­ші­лік­терінің бағынысынан шы­ға­ру, сотталғандарды бөлу мен ауыстыруды автоматтандыру, бей­небақылау және шағым бе­руге арналған терминалдар орнату сияқты жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Бірқатар іс-шара Бас проку­ра­тураның қатысуымен әзір­ленген ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйе­сін реформалау жөніндегі жол кар­таларынан тұрады. Ал про­курорлық тексерулер, құ­қық қор­ғаушылардың есеп­­тері, сот­тал­ғандардың шағым­­дары коло­нияларда азаптау­­лар­­дың әлі күнге дейін болаты­нын көр­сетеді. Өңір­лерде про­ку­­рор­лар осы бағ­­дарламалық құжаттардың сапасы мен іске асы­рылу мер­зім­дері­не тұрақты қадағалауды қамта­масыз ете-
ді.

 Сонымен қатар Бас прокурор сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық фактілері бойынша қатаң шаралар қабыл­дауды, кінәлілердің, соның ішінде Алматы облысының коло­ния­сындағы азаптауға қатысы бар барлық кінәлілердің жазадан құтылмауларына қол жеткізуді тапсырды. Бүгінгі таңда прокурорлар осындай фактілер бойынша 23 қылмыстық істі сотқа жолдады.

Үйлестіру кеңесінің қоры­тын­дысы бойынша қылмыстық жазалардың орындалу заңды­лы­ғын қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы және Шығыс Қазақстан облыс­тарында екі мамандандырылған прокуратура құру туралы ше­шім қабылданды, онда колония­ларда ел бойынша барлық соттал­ғандардың шамамен 30%-ы ұста­лады, деп хабарлады Бас проку­ратураның баспасөз қызметі.