Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Ұлттық комиссияның отырысы өтті

176 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комис­сияның отырысы өтті. Онда бағдар­ламаны іске асырудың екі жарым жыл ішіндегі қорытындылары қаралды және алдағы кезеңнің міндеттері талқыланды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ұлттық комиссияның отырысы өтті

Отырысты ашқан Мем­ле­кеттік хатшы Марат Тәжин Бағ­дар­ламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыс­тары Үкіметтің кезеңдік іс-ша­ралар жоспарына сәйкес жал­ғасуда. Орфографиялық, Әдіс­темелік, Терминологиялық және Ақпараттық жұмыс жөніндегі 4 топ жұмыс істейді.

«Жаңа гуманитарлық бі­лім» жобасы бойынша   Cam­bridge University Press, Oxford University Press және басқа да ірі халықаралық баспалармен ын­ты­мақтаса отырып, философия, саясаттану, дүние жүзінің тарихы, экономика, әдебиет теория­сы, халықаралық құқық, ориен­талистика, педагогика және басқа да ғылымдар бойынша 48 оқулық қазақ тіліне аударылып, шығарылды. Бұл жұмысқа жоғары оқу орындарының білікті оқытушыларынан, редак­­торлардан, аудармашылар мен лингвистерден құрал­ған 300-ден аса маман қатыс­ты. Оқулықтар еліміздің 113 жо­ғары оқу орнына жеткі­зілді және оқытушылар мен сту­денттердің жоғары баға­сына ие болуда. Олардың электрондық нұсқалары еркін оқу үшін «Қазақстанның ашық университеті» порталында орналастырылды.

«Туған жер» жобасы  бойынша 10 мыңнан аса меценаттың қатысуымен  1800 мәдениет, білім, спорт нысаны жаңадан салынып, 1,5 мың нысан қайта қалыпқа келтірілді.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша тарихымызда тұңғыш рет Қазақстандық поэ­зия мен проза антологиясы БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, жарыққа шығарылды, оның халықаралық таныстырылымы қыркүйек айында басталады.

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасы бойынша 28 тарихи нысан қайта қалыпқа келтіріліп, ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. «Отырар» және «Тамғалы» визит орталықтарының құрылысы аяқталуда. Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы заңнамалар жетілдірілуде. BBC World News, «Eu­­ro­news» телеарналары­мен ын­ты­мақтастықта Қазақ­стан­ның киелі нысандары туралы де­рек­ті фильмдер циклі түсі­рілді.

Қазақстандық қоғамдық даму институты және өңір­лер­де жобалық офистер құрылды.

Мәдениет және спорт минис­трлігі тарапынан мәдениет сала­сын­дағы меценаттықты ын­та­ландыру жөніндегі ұсы­ныс­­тар дайындалды. Білім және ғылым министрлігі волон­тер­лік қызметі үшін студент­терді мате­риалдық ынталан­ды­ру­дың тетіктерін әзірледі.

4-6 қыркүйекте Қазақстан ел­ор­дасында Азия қаламгер­лері­нің бірінші форумы өтеді, оған қырыққа жуық елдің та­ны­мал ақын-жазушылары қатысады.

Тамыз айының соңында «Музейдегі түн» жобасы іс­ке қосылады, онда қазақстан­дықтар әр айдың төртінші сен­бі­сінде сағат 21-ден 3-ке дейін елді мекендегі музейлердің бірін тегін аралай алады.

Жаңа телевизиялық маусымда республикалық эфирге мәдениеттанушылық сипаттағы радио және телевизиялық бағ­дарламалар циклі эфирге шығады. Халықты латын графика­сындағы жаңа әліп­биге оқы­туға бағытталған бей­неролик­тер мен бейнелекция­лар телеарналар эфирлеріне шы­ғарылады, сондай-ақ инте­р­нетке орналастырылады. Клас­сикалық музыканы бағалау­шы­лардың сүйіктісіне айналған «Классик» радиосының тарату аумағын кеңейту жоспарлануда.

2020 жыл Волонтерлер жылы деп жарияланды. Осыған байланысты Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мемлекеттік ор­гандарға студенттердің қо­ғам­д­ық пайдалы қызметіне қол­дау көрсету шараларын қа­был­дауды жеделдетуді тапсырды.

Отырыста Президент Әкім­шілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин, Ақпарат жә­не қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлова, Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова сөз сөйледі.