Парламент • 23 Тамыз, 2019

Сенаторлар – Ақтөбе облысында

19 реткөрсетілді

Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында болды. Аудан орталығы Қандыағашта сенаторлар көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен, көп балалы отбасылардың мәселелерімен танысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Жергілікті кәсіпкер ашқан мектепке дейінгі «Бақытты бала» орталығында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар оқытылады. Аудан әкімі Асқар Шериязданов аудан орталығында демографиялық өсім қарқыны байқалатынын, бұ­рынғы жатақхана күрделі жөн­деуден өтіп жатқанын, тоқсан пә­­тер­лі тұрғын үй қазан айында пайдалануға берілетінін жет­кізді.

Nur Otan партиясының ғима­ра­тында мәслихат депутаттары, аудан ақсақалдары мен тұр­­ғындар жергілікті өзін өзі басқару заңнамасын жетілдіру бо­йынша ұсыныстар айтып, жас­тарды жұмыспен қамту, білім беру саласындағы реформа­лар, дәрі-дәрмек бағасының қым­баттауы және медицина қыз­мет­терінің сапасы туралы ұсыныс, пікірлерін жеткізді.

Депутаттар сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж көп балалы аналармен және әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен кез­десті. Қандыағаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратовтың ай­туынша, тұрғын үйге кезекте 1100 адам, соның ішінде 110 көп балалы аналар бар. Сенатор Ма­рат Тағымов мемлекет тарапы­нан қабылданып жатқан көп ба­лалы және әлеуметтік аз қам­тылған отбасыларды қолдау ша­ралары туралы айтып өтті. Мұх­тар Жұмағазиев ауыл тұрғын­дарының өмір сапасын арттыру жөніндегі мемлекет бастамалары туралы хабардар етті.

Ақжар ауылдық округінде се­наторлар аудандағы табысты астық шаруашылықтарының бірі болып есептелетін «Ақ­жар-Агро» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінде болды. Ал Мәртөк ау­данындағы көш­пелі семинар ба­рысында Ақтө­бе облысындағы мал шаруа­шы­лығын, мал азы­ғы өндірісін және көкөніс ша­руа­шылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар