Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Жасыбай көліне жастарды менторлық лагерьге шақырды

264 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жақында Баянауылдағы Жасыбай көлі жағасында ірі іс-шара өтті. Үкіметтік емес ұйым өкілдері жастарды менторлық лагерьге шақырды.

Жасыбай көліне жастарды менторлық лагерьге шақырды

Жоба Жастар жылына ар­­­налды. Негізгі мақсаты – жас­тардың өмірден өз жолдарын таба білуіне көмектесу, кәсіпкерлікке үйрету, жас­тардың кәсіби біліктілігін арт­­тыруға, тұлғалық дамуы мен өзін өзі тануларына мен­то­ринг әдісі (тәлімгерлік) ар­қ­ылы жәрдемдесу. Баян­ауыл­дың Жасыбай көлі жа­ға­сындағы менторлық ла­герьдің ашылуына Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов, «KAZBRANDS» ұйымының қамқоршылар кеңесінің төр­ағасы Нұрлан Жазылбеков, жо­ба жетекшісі Жанна Қай­­кенова, С.Торайғыров атын­дағы мемлекеттік университет рек­торы міндетін ат­қа­рушы Мейрам Бегентаев қатысып, жастарға арнап сөз сөйледі.

– Бүгінгі жиынның мақ­са­ты – тәлімгерлік идея, тә­жірибемен бөлісу. Жал­пы тәлімгерлік әрбір жас­тың же­­ке тұлға болып қа­лып­­та­суына жол ашады. Тә­лім­­­герлік табысқа жет­кі­зеді, – дейді жоба жетекшісі Жан­­­на Қайкенова. Оның ай­­туынша, қазір елі­міздің 4 өңірінде жастарға тәлімгерлік әдіс жолын үйрету бастал­ған. Жастар лагері алаңы­на сертификатталған қазақстан­дық тәлімгерлер Айдар Аб­раев, Данияр Ай­тышев, блогер Әнуар Шәріпов, Лидия Тайжанова-Щербинина қатысты.

Менторлық жастар лаге­рін­дегі тәлімгерлік оқуларға 4 күн бойы 13 пен 29 жас ара­­лығындағы жергілікті мек­теп оқушылары, студенттер, кәсіпкерлер, жұмысшы жас­тар және ауыл жастары қатысты. Түрлі қызықты дебат­­тар, семинарлар, тре­нинг­тер және тәлімгер жетек­ші­лермен кездесулер өтті.

Ал жалпы менторлар, яғ­ни, тәлімгерлер қызметін ғалым­дар, кәсіпкерлер, сарапшылар, оқу орындарының ұстаз­дары, кәсіпорын жетек­­ші­­­­­лері, мемлекеттік қызмет­керлер де атқара алады. Олар өзара бірлесе жұмыс істеп, тәжірибе алмасу әдісі арқылы қоғамдағы тәлімгерлікті дамыта алады. Мысалы, әр тәлімгер 7 жас азаматты қам­қор­лығына алып, олардың алға қойған мақсаттарын жү­зеге асыруға көмектесе ала­­­­ды. Ауыл жастарына назар ерекше. Ал тренинг-се­ми­­нар­лардан тәлім алып шық­қан жастар тәлімгерлік жол арқылы өз жұмыстарын жалғастырады.

– Тәлімгер, ментор ретінде менің тәлімгерім оқуда, мансап жолында, бизнес саласында жетістікке жету жолын өзі таңдайды. Психолог, кәсіп­кер, жаттықтырушы сияқты әріптестерім жастарға өздерінің өмір тәжіри­беле­рінен алынған мақсатқа жету жолдарын жеткізеді, – дейді тәлімгер Айдар Абраев.

Облыс орталығындағы Зи­наида Багненко басқаратын «Самал» оңалту орталығынан келген мүмкіндігі шектеулі дарынды балаларға ментор ретінде Фариза Есенбаева да жақсы көшбасшы бола білді. Менторлық лагерь жұмысына қатысқан Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовтің айтуын­ша, тәлімгерлік инс­ти­туты деген қоғам мен мем­­­лекет үшін маңызы зор бұрыннан ке­ле жатқан дәс­түрлі жол деу­­ге болады. Қа­зіргі күні де­ тәлім­герлік, жас­тарға жол көр­сету, қолдау – өзек­ті.­ Ұр­пақ сабақтастығы – қо­­­ғам мен мемлекеттің да­муын­да­­ғы маңызды фактор. Ал жас­­тар күнделікті үй­рен­шік­ті дағдыдан шы­ғып, жаңа көз­қарасқа, уа­қыт­қа, өзгеріске ілесе білу керек. Осы мақсатпен жи­налған тәлімгерлер мен жас­тар Тәлім­герлік тұжырым­дамасын тал­қылады. Сонымен қатар жо­ба жастарды табысқа же­те­­леуге, ынталандыруға, құ­­қық­­тық кеңес бе­руге және тәлім­герлердің кө­мегімен же­ке басының өсуі­не ықпал етеді.

– Жалпы, менторлық жоба мемлекеттің қолдауымен бас­талды. Менторлық жұмыс биз­неске ғана емес, барлық салаға қажет. Мемлекеттік ор­гандарда да өзекті. Қазіргі жастар өте білімді. Бірақ өмір­лік тәжірибелері аз. Ал оларға бағыт-бағдар беретін тәлімгер керек, – дейді қор­дың жауапты өкілі Нұрлан Жазылбеков. 

Баянауылдың «Тұма» жас­тар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Батырбек Арқар­байұлының айтуынша, ауыл жастарын шаруашылықтағы жұмыспен шектеуге болмайды. Оларға заманауи ғылым-білімнің тетіктерін үйрету қажет. Осындай тренингтерді жиі ұйымдастыру керек. Мен­торлық тренингтер ауыл жас­тарын кәсіпкерлікке бау­луға, осы салада өз орнын табуға мүмкіндік берді.

– Алаңға жиналған жас­тар­дан тәлімгерлер команда жинады, жобалармен жұ­мыс істедік. Тәлімгерлік оқу­лар жастарды өздеріне таныс күн­делікті ортадан шығып, жан-жағына басқаша көз­қараспен қарауға үйретеді, – дейді Батырбек.

Ал біздің түйген ойымыз мынадай: өкініштісі, әдет­­­тегідей мұндай шара тек орыс тілінде өтті. Қа­зақ ті­лі қазақтың көркем ме­ке­ні Баянауылдың Жасы­бай кө­лінің жағасында ес­тіл­меді. Жастарға тәрбие бе­ретін тәлімгер-ментор бол­ған түріміз – осы. Жалпы, тәлім­герлік тәжірибе, ментор­лар, менторинг әдісі деген дамыған елдерде бұрыннан қалыптасқан. Біздің елімізде де болды, бірақ жоғалтып алдық. Қазір қайта жандану жолына түскені көңіл қуантады.