Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Бақытжан Сағынтаев автобус жүргізушілерінің мәселесін көтерді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен кездесу барысында автобус жүргізушілерінің төмен біліктілігі жөнінде айтты деп хабарлайды Алматы қаласы  әкімдігі баспасөз қызметі. 

Бақытжан Сағынтаев автобус жүргізушілерінің мәселесін көтерді

Қала басшысы кейбір жүргізушілердің автопаркте түнейтіндерін айтып, оның салдары қиын жағдайларға апаруы мүмкін екенін жеткізді.

Оның айтуынша, автопарктерде білікті жүргізушілердің тапшылығы байқалады. Сондықтан да олар жүргізуші болуға ниет білдірген кез келген адамды жұмысқа қабылдауға мәжбүр.

«Автопарктер барлығын жұмысқа қабылдай береді. Өйткені жүргізуші тапшы»,  деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев қалада автобустар да жетіспейтінін атап өтті. Алайда, ол бұл мәселе бойынша жұмыс жасалып жатқанын, жақын арада қалада жаңа 200 автобус пайда болатынын хабарлады.

Еске сала кетейк, бұдан бұрын әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналмалы жолындағы жылдамдықты қайтадан сағатына 80 шақырымға өзгерту жоспарланғаны хабарланған.

Бұл туралы қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше