Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталмыш меморандумның халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
«Статистикалық ақпаратқа қарасақ, бүгінгі күні Қызылорда облысының жеке сот орындаушыларының орындауында алимент өндіру санаты бойынша 7 мың 474 өндіріс бар. Оның 733-і орындалуы қиындық туғызатын алименттер қатарында. Тәжірибе көрсеткендей, балаларды тәрбиелеу мен қамтамасыз ету бойынша негізгі әлеуметтік жүктеме көбіне әйел-аналардың мойнына түсетінін білеміз. Сондықтан бүгін біз осы мәселені шешу бойынша үшжақты келісімге қол қойдық», - деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Меморандум аясында тараптар бір-біріне алиментті қасақана төлемейтін азаматтарды анықтауға және олардан берешекті өндіріп алуға жәрдемдесуге міндеттенеді. Бұдан басқа, тараптар алименттерді өндіріп алудың тиімділігін арттыру мақсатында іс-шаралар кешенін қамтитын бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.