24 Тамыз, 2019

Талдықорғанның ірі қара малына қытайлар қызығып отыр

451 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Демек, енді күн шығыстағы көршілеріміз Талдықорғанның ірі қара малын өзі бағып, етін Қытайға өзі экспорттамаққа ниет танытып отыр.

Aodekang қытай компаниясының Қазақстандағы серіктесі Тұрсынғали Алагөзовтің айтуынша, бұл кездесу қытай тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылған. Себебі ҚХР Қазақстанның еті мен ет өнімдеріне қатты қызығушылық танытып отыр екен.

Талдықорғанның ірі қара малына қытайлар қызығып отыр

Aodekang қытай компаниясының Қазақстандағы серіктесі Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, бұл кездесу қытай тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылған. Себебі ҚХР Қазақстанның еті мен ет өнімдеріне қатты қызығушылық танытып отыр екен.

Алматы облысына екі күндік сапармен Қорғас қаласының басшысы, мемлекеттік коммунистік партиясы «Қорғас»  экономикалық даму аймағы комитетінің орынбасары Жеңіс Хадис бастаған Қытай Халық Республикасының бір топ кәсіпкерлері келді.  Бұл туралы  ақпарат TINFO желілік агенттігінде жарияланды.

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, делегаттар бірінші күні облыс әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров бастаған жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Ал келесі күні шетелдік қонақтарға Талдықорған индустриалды аймағының инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуеті, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік-мәдени маңыздағы нысандар таныстырылды.

Сондай-ақ, Алматы облысының Өңірлік даму орталығында Aodekang қытай компаниясы мен «Жетісу» ӘКК»  АҚ-тың қатысуымен Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының өкілдері кездесті.

Aodekang қытай компаниясының Қазақстандағы серіктесі Тұрсынғали Алагөзовтың айтуынша, бұл кездесу қытай тарапының өтініші бойынша ұйымдастырылған. Себебі ҚХР Қазақстанның еті мен ет өнімдеріне қатты қызығушылық танытып отыр екен. Кездесуде кейбір жобалардың іске асырылу жайы, соның ішінде мал бордақылау орындарының, жем-шөп дайындайтын зауыттың құрылысы, ірі қара мен ұсақ малдың жеке тұқымдары селекциясы, мал бағу мәселелері талқыланды.

Естеріңізде босла,  осы жылдың шілде айында Талдықорғанда құны 7 млрд теңге болатын майлы дақылдарды өңдейтін зауыт пен құны 6 млрд теңгеден асатын ет комбинаты салынады. Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, «ТКМЗ» ЖШС (өсімдік майы, шроттар және құрама жем өндіреді) Талдықорғанда майлы дақылдарды өңдейтін зауытты іске қоспақ. Зауыт құрылысына 92 адам жұмылдырылып, пайдалануға берілгеннен кейін қосымша 110 жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 7 млрд теңгені құрайды. Бұл зауыт 2019 жылдың аяғына дейін ы пайдалануға берілмек. Бұдан басқа, Қазақстан-Қытай бірлескен Longyuan Jetysu кәсіпорны биылғы жылы «Талдықорған» индустриялық аймағында ет комбинатын іске қосуды жоспарлап отыр. «Жобаға ҚХР компаниясы Longyuan қатысады. Комбинатты 250 адам пайдаланады. Бұл — жаңа жұмыс орындарын құру», деп атап өтті Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Компания ет комбинатын салуға 6 млрд 88 млн теңге жұмсамақ. Жобаның қуаттылығы жылына 16 мың тонна сиыр етін құрайды. Өнім Қытайға экспортталады деп болжануда. Айта кетейік, «Longyuan Jetysu» ЖШС БК-дағы мал шаруашылығы саласын дамытумен және ауыл шаруашылығын индустрияландырумен айналысатын Қытайдың Longyuan компаниясының үлесі 80%-ды, қазақстандық «Дос-Жетісу» ЖШС үлесі 20%-ды құрайды.   

 

 


АЛМАТЫ