05 Ақпан, 2013

Күн жаманы кетер…

564 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Күн жаманы кетер…

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:38

Облыста «аудандарда жылқы қырылып жатыр» деген сөз тарады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «жаппай қырылуда» деген мәліметтер де берді. Қаңтарда жаңбыр жаудырған тосын табиғат соңынан сары аязымен жерді мұздай қатырып тастады. Жылқы малы бұл жағдайда тебіндей алмайтыны белгілі. Қыс қатал биыл. Әрине, шаруа қожалықтарына да, қораларында мал ұстайтын ауылдықтарға да оңай емес қазір. Ал мал басы аз тұрғындар жылқысын қораға кіргізіп алған. Облыста 2-3 мыңға дейін жылқы бағатын шаруа қожалықтары бар.

Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:38

Облыста «аудандарда жылқы қырылып жатыр» деген сөз тарады. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «жаппай қырылуда» деген мәліметтер де берді. Қаңтарда жаңбыр жаудырған тосын табиғат соңынан сары аязымен жерді мұздай қатырып тастады. Жылқы малы бұл жағдайда тебіндей алмайтыны белгілі. Қыс қатал биыл. Әрине, шаруа қожалықтарына да, қораларында мал ұстайтын ауылдықтарға да оңай емес қазір. Ал мал басы аз тұрғындар жылқысын қораға кіргізіп алған. Облыста 2-3 мыңға дейін жылқы бағатын шаруа қожалықтары бар.

Біз былтыр Ертіс ауданы Бұланбай ауылында тұратын 2 мың жылқы бағатын жылқышы Амантай Мусин туралы жазғанбыз. Қазір аман-есен. Жылқы бағуда өзіндік «технологиясы» да бар. Ал, жалпы, күзгі жиын-терін кезінде өңірде 1 жарым жылдық мал шөбі әзірленген болатын. Сонда енді кейбір шаруа қожалықтарында жылқы қырылатындай қандай жағдай болды?
Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов былай дейді:
– Жағдай бақылауда. Жемшөп жеткілікті. Көрші аудандардан да әкелінуде. Жол шығынына байланысты бағасы өсіп кеткені рас. Бумалы шөптің бір орамы 800-1200 теңге шамасында. Арзандатылған кебектің келісі 21 теңгеден босатылуда. Әрбір ауылдық аумаққа ай сайын 8-10 тоннадан кебек жіберіледі. Ал нарықта бір келісі 35 теңгеге жеткен. Сондай-ақ, Екібастұз қаласы мен Баянауыл аудандарынан өзге өңірлерге көмір тасымалдайтын көліктер қайтар жолда жем-шөп тиеп келуде. Бұл да көмек.
Ал облыстағы Успен, Шарбақты, Железин аудандары шаруаларының жағдайы жақсы. Кейбір шаруа қожалықтары малдарын амалсыздан жағдайы жақсырақ жайылымдарға қарай айдауды қолға алыпты. Мәселен, лебяжіліктер жылқыларын Май ауданының Ақшиман ауылына, Екібастұздың ауылдары Баянауылдың таулы жерлеріне, ертістіктер Ақмола облысына қарай айдаған көрінеді. Жалпы, облыста былтыр желтоқсан айында 258 жылқы малы өлді. Бұл көрсеткіш бүкіл мал басының 0,3 пайызын құрайды. Қожалық иелері қолдағы түлігінің біразын сатып, одан түскен қаржыға қораға байланатын жылқыға жемшөп те алуларына болады. Екіншіден, қары қалың емес аудандар бар. Жылқы жаппай қырылып жатыр деген ақпар таратқан «Тұрар» және «Абылай хан» аталатын шаруашылықтарға мемлекет тарапынан былтыр әрқайсысына 5 миллион теңгеден субсидия да берілді.
Н.Әшімбетовтің айтуынша, күзде жәрмеңке өткізіліп, шаруаларға шөпті көбірек алуға ұсыныс жасалыпты. Ұсақ шаруашылықтар малдың шөбін қыс бойы сатып алады екен. Яғни, қыс жайлы болса, артық қаражат жұмсағылары келмейтіні байқалады. Бір жағынан шөпті жақынға әкелуде өрттен де қорқатыны рас. Енді, міне, биыл қыс басқаша тосын мінез көрсетіп қалды. Қалың қардан шабындықтағы қордан шөп жеткізу қиынға соқты. Екіншіден, табында жүрген жылқылардың қожайыны да аз емес. Қыстың суығын сылтау етіп, «мал өлді» деп оның иелерін алдап соғуы да мүмкін. Ал өлген малдың әрбіріне акт толтырылады. Сөйтіп, алаяқтардың жолы болып кетуі де ықтимал. Жылқышының сөзіне сеніп, малының жемтігін де көрмеуі мүмкін.
Сөзінің соңында облыс әкімінің орынбасары: «Мұндай мәселенің де бары рас. Бүгін Лебяжі ауданындағы «Алтай» ШҚ басшысы Сәтбек Мукинмен хабарластым. «Жылқы қырылып жатыр дей алмаймын. Өзімде 800 бас жылқы болса, оның үшеуі өлді. Ол жемшөптің жетіспеушілігінен емес. Мал болған соң, ара-тұра шығын болмай тұрмайды. Жылқы тебіндей алатындай жер іздеп, қыстан шығу амалдарын қарастырып жатырмыз», деді.
Осы аралықта біздің тіл­ші­лер қосынына Ақтоғай ауданы, Шұға ауылынан  ардагер ұстаз Елеусіз Рақымжанова хабарлас­ты. «Биылғы қыстың қатал­дығы, әсіресе, шалғайдағы ауылдар үшін қиын болып тұр.Халыққа болысыңдар, елдің мұң-мұқтажын тыңдаңдар, кө­мек­тесіңдер деп Елбасының күн­д­елікті айтып жатқанын теледидар арқылы тыңдап, газеттен оқып отырмыз. Ауыл тұр­ғындарының әкімдерге айтар назы көп. Біздің Басқамыс, Қа­рақоға, Шұға ауылдары қалың қардың ортасында қалды. Ауылдан аттап шығу мүмкін емес. Қарақоға ауылы болса сусыз отыр. Қалың қарлы қыс түс­кенге дейін бұл ауыл суды 18 ша­қы­рым  жердегі Шідерті, 10 ша­қырым жердегі Шұға ауылдарынан тасып әкеліп жүрді. Қазір екі ауылдың арасында жол жоқ, қардың суын ерітіп ішіп күн көруде. Мал да қорада. Күзде жинаған жемшөп көктем­ге дейін жетсе екен деп отырған жайымыз бар. Жаз бойы  жина­ған отын, көмірді де  көршілер бір-бірінен сұрап тіршілік етіп жатыр. Шұға, Шідерті, Қара­қоға ауылдары азық-түлікті, мал­дың жемшөбін, көмірді Екі­бастұз қа­ласынан тасиды. Дәрі­герге қа­ра­лу үшін де көмірлі қалаға барамыз. Біздер әкімдер­ге  реніш­ті­міз, қызым», деді ол.
Біз Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Жанат  Тәшеновке хабарластық.
– Ауданда 13 ауылдық аумақ­қа қарайтын 34 ауыл бар. Бұл ауылдар қырдағы және Ер­тіс өзені жағалауындағы, яғни жиектегі ауылдар деп екіге бө­лінеді. Жалпы, қыр жақтағы ауылдармен байланыс қыс кезінде қатты қиындық тудырады. Қа­лың қар емес, жәй сырғыма  жау­са да ауылдардың жолдарын жауып тастайды. Қыр жақта орналасқан Шолақсор, Жалаулы, Жолболды ауылдары аудан орталығынан 164 шақырым жер­де орналасқан. Павлодар-Ақтоғай-Шолақсор жолы об­лыс­­тық маңызы бар жол саналады. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы күрделі жөн­деуді қажет ететін бұл жол­дың қысқы жағдайын жақсы біледі. Шолақсор  ауылында 500-дей адам тұрады. Биылғы қыс­тың оларды әбігерге салып отыр­ғаны рас. Бірақ шалғай­да­ғы ауылдар түгелдей  аудандық әкім­діктің бақылауында. Күн-түн демей, күнделікті барып-келіп жүрміз. Аудандық әкімдік қыз­меткерлері ауа райының қо­лай­сыз жағдайына орай  күні-түні кезекшілікте. Аудан әкімі  Жұ­магелді Қожанов  шалғай­да­ғы ауылдарға  барып, тұрғын­дар­мен кездесіп  қайтты. Та­би­ғат­тың тосын  жағдайына тап бол­ған ауылдарға қолдан келген көмек жасалуда, – деді ол.
Расында да, қалың қарлы боранда Қарақоға ауылы 10-12 күн­дей сусыз қалып қойса, ал­ғашқы мүмкіндік туысымен-ақ, 3 тонна су жеткізіліпті.  Азық-түлік, ұн өнімдері же­ңіл­детілген бағамен берілуде екен. Малға шөп жолдар ашыла салысымен жеткізіліп жатса керек. Ауыл, аудан орталығы дәрі­гер­лері де ке­зекшілікте көрінеді.  Ауылдарға жолдарды қардан тазалауға тракторлар бөлінген. Шұға ауылында су алатын КБМ жұмыс жасайды. Осыған қара­ғанда, барлық жағ­дай бақылауда сияқты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.