Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Батыс Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күші азаяды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірде жұмыс істеп жатқан шетелдік компанияларға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берілетін квота саны азаятынын хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күші азаяды

Өткен сенбіде Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған Ғали Есқалиев Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. компаниясы басшылығымен кездесті. Батыс Қазақстан облысы экономикасы үшін өңірдегі ең ірі жұмыс беруші және салық төлеуші ретінде компанияның орны өте маңызды. Компанияда қызмет ететін шетелдік мамандар да көп. Облыс әкімі кадрларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Ғали Есқалиевтің айтуынша, қазіргі таңда өңірде ІІІ және IV санат бойынша көптеген шетелдік маман қызмет етіп жүр. «Батыс Қазақтан облысы әкімдігі ІІІ санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайту, сонымен қатар IV санаттағы шетелдік жұмыс күшін әкелуге толық тыйым салу туралы шешім қабылдады» деді өңір басшысы.

- Сіздердің мердігер ұйымдарыңыз электргаздәнекерлеуші, монтаждаушы, бұрғылау жұмыстары бойынша инженер және басқа мамандықтар бойынша ІІІ және IV санаттағы жергілікті кадрларды даярлауы тиіс деп санаймын. Облыс аумағында мамандарды даярлау бойынша ASME алған тренинг-орталықтар бар екендігін есепке алсақ, бұл істі жүзеге асыруға әбден болады. Қарашығанақ кен орындары үшін кәсіби қызметкерлерді даярлау үшін тренинг-орталықтарды инвестициялау бойынша қол ұшын созуға әрқашан дайынбыз, - деп атап өтті кездесу барысында Ғали Есқалиев.

 

Батыс Қазақстан