Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Алматы тауында адасып кеткен төрт турист құтқарылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында адасып кеткен төрт турист құтқарылды, деп хабарлайды  ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Алматы тауында адасып кеткен төрт турист құтқарылды

26 тамызда, түнгі сағат 00.30-да ІІМ ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бақылау бөліміне төрт жас жігіттің «Фурманов» шыңы маңында адасып кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел құтқарушылар шықты. Сағат 02.25-те топ адасып кеткен жастарды тапты. Олар тік беткейден, өз беттерінше түсе алмаған.

«Құтқарушылар бұл таулы аймақты жақсы білгендіктен, түнгі қараңғылыққа қарамастан жас туристерді тез тауып алды. Қауіпсіз айналма жол арқылы шығарып, туыстарының қолына тапсырды», - делінген ведомства хабарламасында.

АЛМАТЫ