Шара аясында қаланың туризм нысандарын жаяу аралауға мүмкіндік болады. Тау мерекесі бұл жолы да қызықты бағдарламасымен ерекше болмақ. Тауға жүгіріп шығып, төмен түсетін жарыстар, күндізгі және түнгі саяхаттар, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.
«Жібек жолы» этникалық жәрмеңкесі, шатырлы лагерлер, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралауда назардан тыс қалмайды. Жарысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапаталады.
2019 жылдың 28 тамызынан 31 тамызына дейін жаяу экскурсия өткізу жоспарланған. Тәжірбиелі гидтердің қатысуымен, Алматы қаласының маңызды туристік нысандарын қамтиды.
Бағдарлама маршруты 28 - 29 тамыз «Ой - Қарағай» - «Букреев» шыңы - «Бутаковка шатқалы» - «Қимасаров шатқалы», 29 - 30 тамыз «Қимасаров» шатқалындағы бақылау алаңына түнгі сапар, 30 тамыз «Қимасаров шатқалы» - «Бутакова шатқалы» - «Бутаковка сарқырамасы» және 30 - 31 тамыз «Қимасаров шатқалы» - «Фурманова шыңы» - «Медеу».
Халықаралық тау фестиваліне Қазақстаннан және басқа елдерден 5 мыңнан астам қонақ келеді деген ақпарат бар.
АЛМАТЫ