12 Ақпан, 2013

Білім – ғылым – өндіріс

693 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін

Білім – ғылым – өндіріс

Сейсенбі, 12 ақпан 2013 7:35

Осы үш тіреудің басын  біріктіру парыз

Бас-аяғы жиырма бір жыл уақыт. Бұдан жиырма бір жыл ғана бұрын КСРО державасынан енші алған Қазақстанда гиперинфляция қаулап өсіп, жұмыссыздық шектен шығып, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы дегендер айлап емес, жылдап кешіктіріліп, соның салдарынан қалың бұқараның әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мүлде күй­­­зелісті деңгейде болғанын ұмыт­қандаймыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті 1996 жылы «кері ке­­­­­­­ту­шілікті» тежеп, елді алға ба­су ар­­­насына салып, 1997 жы­­­лы «Қа­зақстан-2030» Стра­те­гия­лық даму бағдарламасын жа­рия­ла­ғаннан кейін біз даму деңгейі тұрақты елге айналдық.

 

Сейсенбі, 12 ақпан 2013 7:35

Осы үш тіреудің басын  біріктіру парыз

Бас-аяғы жиырма бір жыл уақыт. Бұдан жиырма бір жыл ғана бұрын КСРО державасынан енші алған Қазақстанда гиперинфляция қаулап өсіп, жұмыссыздық шектен шығып, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы дегендер айлап емес, жылдап кешіктіріліп, соның салдарынан қалың бұқараның әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мүлде күй­­­зелісті деңгейде болғанын ұмыт­қандаймыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті 1996 жылы «кері ке­­­­­­­ту­шілікті» тежеп, елді алға ба­су ар­­­насына салып, 1997 жы­­­лы «Қа­зақстан-2030» Стра­те­гия­лық даму бағдарламасын жа­рия­ла­ғаннан кейін біз даму деңгейі тұрақты елге айналдық.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ««Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­­­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында өркениеттің шыңына жетуді мақсат ететін және оның жолдарын нақты белгілейтін кешенді бағдарлама ұсынды. Қо­ғамдық өмірдің түрлі саласын қам­тыған аталмыш Жолдауда ғы­лым, білім және жастар мәселесі ерекше орынға қойылған. Әсіресе, «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты тараушада Елбасы: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жо­ғары елге айналуымыз керек» деп көрсетті. Сондай-ақ, мем­ле­кеттің қуаттылығы еліміздің әр аймағында тұрып жатқан халықтың әлеуметтік тұрмысымен өлшенетінін меңзеген Елбасымыз үкіметке өңірлерді дамыту ісімен шұғылдану керектігін жүктеді.

Мемлекет басшысы ат­қа­ру­шы билікке индус­триялық-ин­новациялық даму бағ­дар­ла­ма­сының ауыр жүгін ай­­­мақтарға табиғи және демографиялық мүм­­кіндігіне сай бөлуді тапсырды. Ендігі кезекте ел тұрғындарын жаңа мамандықтарға оқыту мемлекет есебінен жүргізіліп, олардың жұмысқа орналасып, жаңа аймақта тұрақтануына дейінгі барлық мәселені шешу атқарушы билікке жүктелді. Бұл да Елбасымыздың «Экономикадағы жетістіктер ел тұрғындарының өмірі мен тұр­мысынан көрініс табуы керек» деген ұстанымына беріктігін көр­сетсе керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы алғашқы жетістік пен нәтижені келесі же­ңістер мен жетістіктерге жетудің баспалдағы ретінде қарастырады. 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын қабылдаған кезде де солай іс­те­ген. Мұндай бағдарламалар бер­тінде Оңтүстік-Шығыс Азия­ның гүлденуін, Қытайдың қар­қын­ды дамуын қамтамасыз етіп­ті. Со­ғыстан кейінгі Батыс Еу­ро­паның қысқа мерзімде қайта дамуы «Маршал жоспары» деп аталатын құрлықтық бағдарламаның нәтижесі екенін білеміз. Ендеше, «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасы Тұңғыш Президентіміздің алыс болашаққа барлаған ғылыми көзқарасы, ал одан кейінгі бағдарламалар мен әр жылдық жоспарлар сол негізгі межеге жету жолындағы мақсатты шаралар болды.

Президентіміз өзінің  «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиялық даму бағ­дарламасының түпкі нәтижесі ретінде көрініс табуға тиісті негізгі мақ­сат «бәсекелестікке қа­білетті елу елдің сапында бо­лу», «интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру» екенін бертінде жариялады. Қарап отырсақ, елі­мізде мүлде жаңа, өзі түгіл шы­ғарған өнімінің атауы да жаңа кәсіпорындар өмірге келіпті. Бір­неше ондаған, тіпті жүздеген жаңа мамандықтар игеріліп жатыр. Осыған қарап-ақ Н.Ә.Назарбаев мәлімдемесіндегі «бәсекелестікке қабілетті елу елдің сапында бо­лу», «интеллектуалды ұрпақ тәр­­­биелеп, интеллектуалды ұлт қа­лыптастыру» деген тіркестердің астарында не жатқанын ұғуға болады емес пе? Жаңа кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан жастарымыз тұтастай өндірістік жүйені, цехтарды бір ғана компьютермен басқарып отырады. Бұрынғы 100 адам істейтін жұмысты бір ғана маман атқарады. Жаңадан елімізде бой көтеріп жатқан зауыттарда, цехтарда ең көп дегенде 300 адам жұмыс істейді.

Бірақ олардың шығаратын өнім көлемі бұрынғылар шығарған өнім көлемінен әрі мол, әрі сапалы. Дәл осы жерден «интеллектуалды ұлт қалыптастыру» мақсаты жүзеге аса бастағаны көрініп тұр­ған жоқ па? Орайы келгенде айта кеткен жөн, «интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ісіне Елбасымыз ерте-ақ қамданғандай. Олай дейтін себебім, ТМД кө­лемінде бірінші болып біздің Қазақстанда мектептерді жаппай компьютерлендіру ісі қолға алынып, жүзеге асырылды. Бұл күнгі мектептеріміздің басым бөлігі интерактивті тақ­таларды, интернетті пайдаланады. Білім алуға осындай негіз жасай отырып, Тұңғыш Президентіміз посткеңестік аумақта алғашқы бо­лып еліміздің талантты жастарын шет елдердің таңдаулы бі­лім ордаларында оқытып, отан­дық оқытушы профессорлар құ­рамының білімдерін шет елдерде жетілдіру жұмыстарын жүзеге асырды.

 «Болашақ» бағдарламасы бо­йын­ша шет елдерде жеткілікті білім алып келген талантты жастарымыз бұл күндері мемлекеттік атқарушы биліктің, ұлттық компаниялардың, шет елдік фирмалардың лауазымды қызметтерін лайықты атқарып жүр. Осы оқу жылында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мем­лекеттік университетінен «Бо­ла­­шақ» бағдарламасы бойынша алты магистрантымыз шетелде оқу мүмкіндігіне ие болды. Олар Ресей, Малайзия, Ұлыбритания елдерін таңдап отыр. Еске сала кетейік, егемендіктің алғашқы жыл­дарында отандық өндіріске инвестиция құйған шет елдік алпауыт компаниялар көптеген мамандарды өздерімен бірге ала келетін. Олардың айтатын уәждері «жергілікті мамандар біліктілігі қанағаттандырмайды» дегенге сая­тын. Қазір, міне, Ел­басымыз сол шетелдіктерді отан­дық мамандармен алмас­тыруды трансұлттық инвестор фир­малардың басшылығына талап ретінде қойып жүр. Бұл ұлт­тық интеллектуалдық сапаның жоғарылай түскенін көрсететін нақты мысал емес пе?! Орыс хал­­қында «Мәскеу бір күнде са­лынбаған» деген қанатты сөз бар. Ендеше, ұлттың интеллектуалдық сапасының жоғарылауы секілді басты қажеттілік пен басты мақ­сат та бір күнде немесе бір жылда тіпті, бір онжылдықта қол­жет­кізілетін оңай шаруа емес. Ол бірнеше онжылдықтарды, жүзжылдықтарды, тіпті шексіздікті қажет ететін ұғым. Жаратылыстың шексіз дамуы секілді ұлттық сапа да дамуы жағынан шексіз уақытқа ұласатын бір игілікті іс. Тек тө­зімділікпен, түсіністікпен алға жылжи беру керек.

Арабтарда мынадай мақал бар екен: «Баратын жерін білмейтін адам барлық жолмен жүреді». Мұны қазақтың қарапайым тілі­мен «мақсатсыздың бейнеті көп» деп түсінуге болатын шығар. Осы­­ларды қорыта келгенде, Қа­зақстан «бейнетті көп көретін ел емес» дегім келеді. Өйткені, бізде баратын жеріміз белгілі, нақты мақ­сатымыз бар. Жолдың алғашқы бөлігін артқа тастаған бүгінгі таңда бағытымыздың дұрыс және түзу екенін, баратын жерімізге белгіленген мерзімде жететінімізді білеміз. Орайы келгенде айта кетейін, осы биік мақсатымызға қол жеткізуге қажеттінің бәрі елі­мізде бар екен. Мәселен, ғылыми тұрғыдан жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін бірнеше қа­жеттіліктер болады. Ең алдымен, ұлттың білім деңгейі. Бұл жа­ғынан алғанда біз әлемдік тізімнің жоғарғы сатысында, дәлірек айтсақ, екі жүзден астам мемлекет енген тізімде алғашқы жиырмалықтың қатарында тұрмыз. Демек, ал­ғашқы қажеттіліктің негізі өзімізде бар.

Дәл осы тұста отандық ғылым деңгейі қандай деген орынды сұрақ туады. Өйткені, еліміздің бұдан былайғы дамуы тек қана ғылымның деңгейімен өлшенбек. Бұл тұрғыдан алғанда да еліміз діттеген меже биігінен көріне алатынына сенім мол. Отандық химия, физика, инженерия, биология, микробиология, математика ғылымдары әлемнің кез келген мемлекеттеріндегі ғылыммен иық теңестіре алады. Бұлай деп батыл айтатын себебім, қазақтардан кезінде КСРО державасының стратегиялық бағдарламалары бо­йынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысып, әлемде теңдесі жоқ жаңалықтар ашқан ғалымдар және сол ғалымдар негізін қала­ған кешенді мектептер бар. Отан­дық ғылым мектебі қазірдің өзінде теңдессіз нәтижелерін бе­ре бас­тады. Мәселен, ядролық энергия өндірісі саласындағы же­тістіктеріміз осы сөзімнің то­лық дәлелі болады. Сондай-ақ, те­мір жол, көпірлер құрылысы салаларында да отандық ғалымдар өндіріске қазірдің өзінде үлкен пайда келтіруде.  Бұл топқа отандық химия ғылымы саласындағы таланттарды да қосуға болады. Еліміздің химиктері дүниеге әкел­ген көптеген жобалар бұл күндері ел игілігіне айналып жатса, енді бірқатары өндіріске жолдама ал­ған. Қай жағынан алғанда да біздің ғалымдар отандық экономиканы озық технологиямен байытудың тірегі болары сөзсіз.

Біз осы уақытқа дейін өмірлік қажетті үш тіреудің басын бі­рік­тіре алмай жүрдік. Білім – ғылым – өндіріс үштігінің басын қосатын нақты заң қабылданып, бұл күндері жұмыс істеп жатыр. Өндірісті дамытушы ғылымды инвестициялаудың халықаралық қалыптағы жүйесі енді біздің ел өміріне де ене бастады. Бұған дейін ғылым «қаражаттан шөліркесе», ғалымдар ашқан жаңалықтар өндіріске жолдама алудан ысырылып келсе, енді ондай тоқырау болмайтын болды. Ғылымды инвестициялаудың бірнеше арнасы жұмыс істей бастады. Мәселен, ғылыми-зерттеулер үшін арнайы мемлекеттік мақсатты гранттар бөлу, мемлекеттік тапсырыстар бо­йынша ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, ғылымға бөлінетін қаржыны ғалымдардың өз екшеулерінен өткізе отырып бөлу, ақыр аяғында жекенің капиталын инвестиция ретінде тарту арналары пайда болды. Ашылған жаңалықтарды өндіріске енгізу ісі жеңілдей түсті. Қазір үкімет деңгейінде жоғары ғылыми-тех­нологиялық кеңес жұмыс іс­тей­ді. Бұл кеңес салалық ғылыми кеңес­тердің ұсыныстарын екшеу­ден өткізеді. Сайып келгенде, бәрінің де мүддесі ғылымды инвес­тициялау, жаңалықты өндіріске кідіріссіз енгізу жұмыстарын жү­йеге түсірген, жемісті ететін бір жаңа арна болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті ел болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деп көрсетеді. Жолдауда инженерлік білім бе­ру мен заманауи техникалық ма­мандықтар жүйесін дамыту, жоғары және орта білім беру са­ласында мемлекеттік-же­ке­мен­­шік әріптестігі желісін құ­ру, көпсатылы оқу гранттары жүйесін әзірлеу, бүкіл ел бойын­ша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік ма­мандықтарды ескеретін ма­мандандырылған оқу орындары жүйесін құру, жоғары оқу орындарындағы оқудың екінші курсынан бастап кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту мә­селелері сөз болады.

Елбасы Жолдауында ХХІ ға­сырдың он жаһандық сын-қа­тері алға тартылып отыр. Осы сын-қатерлерден өтуді қам­ти­тын бірнеше жұмыс бағытын анық­тап көрсетті. Қазақ елінің ендігі алдына қойған басты мақ­саты – 2050 жылға қарай Жал­пыға ортақ еңбек қоғамын құру. Елбасы өз Жолдауында Қазақстан халқына осы мақсатқа жету жолында шешілуі тиіс жеті бірдей стратегиялық міндет жүктеді. Осы міндеттердің ойдағыдай ше­­шілуіне үлес қосу – әрбір қа­зақ­стандықтың қасиетті борышы.

Елбасы Жолдауында атап көр­сетілгендей, «Қазақстан экономикасы – әлемдік ауқымда көлемі шағын экономика… Ел біртұтас корпорация секілді жұмыс істеуі тиіс…». Осы арада АҚШ, Жапония елдеріне тән корпоративті мәде­ниет ұстанымдарын зерттеу жұ­мыстарын қазақстандық университеттерге жүктеудің тиімді әсері болатындығы сөзсіз.

Елбасы алға қойған аса бас­ты міндеттердің бірі – «…ұлттық эко­номиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұ­ранысын барынша өтеу…». Осы міндетті ойдағыдай шешу жолында  бірнеше шараларды іске асыруға болады. Біріншіден, Қазақстанда қызмет істеп жүр­ген шетелдік жә­не отандық корпорациялардың мамандар даярлауға отандық университеттерге тапсырыстар беруін және оны қаржыландыруын заңнамалық тұрғыдан бекіту әрі ондай корпорацияларды салық жеңілдіктерін беру арқылы мем­лекеттік қолдау. Екіншіден, отан­дық уни­верситеттердің ха­лықаралық қорлар гранттарын пайдалануларына толықтай ер­кіндік беру.

Президент бізге Қазақстанның білікті мамандары әлемнің әрбір түкпірінде сұранысқа ие болуы қа­жет деген талап қойған болатын. Қазірде біздің тарапымыз­дан осы бағытта нақты қадамдар жасалуда. Бүгін білім беру жү­йесінде оқу үрдісінің жүргізілу ба­рысын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Осы бағытта муль­тимедиалық кластармен, электронды және қашықтан оқытуды қамтамасыз ететін жаңа компьютерлермен жабдықталған «Ма­хамбет» ақпараттық технология­лар паркі өз жұмысын жемісті жүргізуде. Университетіміз қазір­дің өзінде білім беру жүйесін оң­тайландыруда инновациялық ав­торлық бағдарламаларға ие.

Білім және ғылым минис­трлігінің тапсырмасымен мемле­кетіміздегі жоғары білім беру жү­йесінің алдына қойған басты міндеттер шетелдегі серіктес жо­ғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынастың жасалуына негіз болды. Білім беру жүйесіндегі Болондық үрдіс талаптары Еуропа мемлекеттері жоғары оқу орындарымен тәжірибе бөлісуге, болашақ мамандар даярлау ісінде шетелдік серіктес жоғары оқу орындарын тартуда мол мүмкіндік берері сөзсіз.

2012 жылғы Мемлекет бас­шысының Қазақстан халқына арналған екі Жолдауын аймақта және өз ұжымымызда жан-жақ­ты түсіндіру барысында уни­верситетіміздің тындырған істе­ріне шолу жасалып, алға мін­деттер белгіленді. Қыруар істі қолға алған Елбасымыз әрбір мем­лекеттік қызметкерден өз ісіне дұрыс қарауды талап ететіні бар­шаға белгілі. Бұл – біздің ұжым жұмысының барысында есте сақтайтын ең басты шарт. Содан да болса керек, 80 жылдық тарихы бар М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің оқытушы, профессорлар құрамы студенттерге білім беруді замана талабына сай жүргізіп қана қоймай, сонымен бірге, өз мамандықтары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарқынды дамытуда.

Қорыта айтқанда, бүгінде Қа­зақстан мемлекеттік және ұлттық дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп келеді. Бұл орайда барлық мүмкіндіктер іске қосылуда. Осы арқылы әр қазақстандықтың жеке дамуына да алғышарттар қаланған. Қазір елімізде қолға алынған істер аса ауқымды. Тек осынау ауқымды іске әрқайсымыз өз үлесімізді молайта түсу үшін жұмыла алсақ болғаны. Осылай істей алсақ, біз бағындырмайтын асу жоқ дер едім.

Асхат ИМАНҒАЛИЕВ,

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік университетінің ректоры,

педагогика ғылымдарының докторы.

ОРАЛ.