Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы жыл басынан бері 1 миллионнан астам өтінім қабылдады

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың басынан бері iKOMEK109  бірыңғай байланыс орталығына 1 млн-нан астам өтінім түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы жыл басынан бері 1 миллионнан астам өтінім қабылдады

Көрсетілген миллион өтінімнің 725 мыңы - 109 нөмірі, 14 742 -WhatsApp және Telegram мессенджерлерінің чат-боттары арқылы, 8 785 - әкімдік сайты және 2 799 -мобильді қосымша арқылы берілді. 785 741 өтінім алғашқы қоңыраудан қаралып, шешімін тапты.

Бүгінгі күні 172 671 өтінім бойынша жұмыс істелді, ал 6 823 өтінім қаралуда. Статистика көрсетіп отырғандай, жыл сайын бірыңғай қызметке түсіп жатқан өтінім саны көбейіп келеді, сәйкесінше iKOMEK109 байланыс орталығындағы жұмыс тобының сапасы да артуда. Айта кетейік, «әкімдіктің 109 қызметі» 2016 жылы 244 мың өтінім, 2017 жылы 293 мың өтінім қабылдап, оларды шешу үшін қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіштер елорда тұрғындары қаланы дамыту ісіне белсенді араласа бастағанын көрсетеді.

«Біз өз кезегімізде қалалықтарға көмектесуге тырысамыз, әр өтінімді аяқсыз қалдырмай, соңына дейін жеткіземіз. Сүйікті қаламызды көркейту үшін еңбек етіп, елорданың әр тұрғынымен белсенді жұмыс істеуге қашан да дайынбыз», - деді iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығында.