Қазақстандық команданың сапында жеті велошабандоз бақ сынайды. Олар – Евгений Гидич, Юрий Натаров, Дмитрий Груздев, Артем Захаров, Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Никита Стальнов. Бұл спортшылардың барлығы да өз жерлестеріміз.
Біз қазақстандық велошабандоздарға өздерін мойындатуға жақсы мүмкіндік беріп отырмыз. Құрмада айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек қана айтулы жарысты бірнеше мәрте ұтқан команда серкесі Алексей Луценко бұл додаға қатыспайды. Себебі, оны басқа да рейтингтік додалар күтіп тұр. Алдағы күндері Луценко Францияға, одан кейін Германияға аттанады. Десек те басқа спортшыларымыз да осал емес. Сол себепті де «Tour of Almaty» турнирінде топ жаруды көздейміз, – дейді «Астананың» спорттық директоры Асан Базаев.
Естеріңізге сала кетейік, Tour of Almaty жарысы осымен жетінші мәрте өткелі отыр. Биылғы додада 25-тен аса мемлекетен келген 150-ден аса спортшы бақ сынайды.