Қазақстан • 28 Тамыз, 2019

Алматы авиажөндеу зауыты «Ми» тікұшақтарын құрастырады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуковский қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «МАКС-2019» 14-ші халықаралық авиациялық-ғарыштық салонына қатысып, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы авиажөндеу зауыты «Ми» тікұшақтарын құрастырады

Кездесу барысында Министрлер 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына сапары аясында қол қойылған бірлескен құжаттардың орындалу барысын талқылады.

Кездесу барысында №405 Алматы авиажөндеу зауыты базасында 2020 жылдан бастап азаматтық мақсаттағы «Ми» тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, ұшақ жасау саласында қазақстандық және ресейлік кәсіпорындардың барынша кооперациясын көздейтін жаңа жобаларды іске асыру басталды.

Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін Ресей Федерациясында шығарылатын авиапорттарды құрастыру бойынша өндірістік тізбекке біріктіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және екі жақты жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған және жаңа өндірістер базасында іске асыруды көздейтін кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Казахстан и Россия обсудили ход реализации производственной кооперации в сфере гражданской и оборонной промышленности