Аймақтар • 28 Тамыз, 2019

Арыс қаласында 7262 үй қалпына келтірілді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 тамызға дейін Арыс қаласында 7262 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, оның 549-да косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Арыс қаласында 7262 үй қалпына келтірілді

Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Барлығы 472 тұрғын үй апатты деп танылды. Бүгінгі күні құрылысшылар 18 үйді тапсырды, тағы 125 үйдің әрлеу жұмыстары аяқталуда. Тұрғын үй қорының нысандарын толық қалпына келтіру Арыстың 10 секторында жүргізіледі және 20 қыркүйекке дейін аяқталады.

Тағы 2 мыңға жуық құрылысшы 10 әлеуметтік және 187 бизнес-нысанды қайта жаңартады.