Руханият • 29 Тамыз, 2019

Нобель сыйлығына үміткерлер келеді

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сонау бір жылдары, нақтырақ айтсақ, осыдан  43 жыл бұрын Әнуар Әлімжанов ағамыз Жазу­шылар одағы басқармасының төр­ағасы болып тұрған кезде Азия, Аф­рика жазушыларының конференциясы болған деп еститінбіз. Кеңестік кезеңнің де жақсы дүниелері болды. Кеңестік идеология әдебиетті басты қаруы ретінде, тәрбие құралы ретінде пайдаланды әрі үлкен қолдау көрсетті, жазушыларға қамқорлық жасады.

Нобель сыйлығына үміткерлер келеді

Кейінгі жылдары әдебиеттер байланысы үзіліп қалды. Дү­ние­жүзілік әдеби процестің құ­­рам­дас бөлігі ретінде қазақ әдебиеті де дамып келеді. Енді осы  өткізілгелі отырған Азия елдері жазушыларының І форумы 4-6 қыркүйек арасында Нұр-Сұлтан қаласында басталмақшы. Негізгі мақсат – жалпы қоғамдағы әдебиеттің рөлін көтеру,   жазушы мәртебесін асқақтату. Сол арқылы әдебиетті басты тәрбие құралына айналдыруға ықпал ету.

Форумда көптеген мәселе көте­ріледі. Мәселен, Оңтүстік Ко­рея­ның танымал жазушысы Ко Ын «ХХІ ғасыр  поэзиясындағы жалғыздық мәселесі» деген та­қырыпта баяндама жасайды. Қа­тар елінен келетін Нобель сый­лығына үміткер Моза әл-Малки «Әлемдік әдебиеттегі Азия адамының бейнесі», Дүниежүзілік Ақындар конгресінің президенті, монғолиялық Менд –  «Азия поэзиясының әлемдік әдебиетке әсері» деген тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Әзербайжан Жазушылар ода­ғы­ның төрағасы Анар Рзаев, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб бей Өмероғлы түркі тектес әдебиеттің бүгінгі хал-ахуалы туралы сөз қозғайды.

Қазақстаннан Олжас Сүлей­менов, Төлен Әбдік, Қабдеш Жұмаділов, Әнес Сарай, Бек­сұл­тан Нұржекеұлы, т.б. жазу­шыларымыздың сөз сөйлеуі күтілуде.

Еліміздің барлық өңірлерінен, Алматы мен астанадан 200-дей қа­ламгер қатысады. Азияның Жапония, Малайзия, Қытай, Сауд Арабиясы, Иордания, Оңтүстік Кореясынды 40-қа жуық елінен делегат келмекші.

Біздің қаламгерлеріміздің шы­­ғар­малары сол елдерге, ал Азия мем­лекет­тері  жазушылары шығармалары біздің тілі­мізге аударылмақшы. Мұндай үл­кен  халықаралық басқосудың әде­биетіміздің  көшінің ілгері дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенемін.

         

Бауыржан ЖАҚЫП,

ақын