Саясат • 28 Тамыз, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы екіжақты  ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Елбасы Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан қарым-қатынастардың ерекше сенімді сипатқа ие екенін атап өтті.

– Біз он мың бірлескен кәсіпорын құрдық. Ресей – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі. Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде біз Сіздің еліңізбен жақын және сенімді қарым-қатынас орнаттық. Бүгін біз барлық уағдаластықтарымызды бекем ұстанып келеміз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін бірлескен шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

– Ресей барлық бағытта біздің негізгі одақтасмыз, серіктесіміз болып қала береді. Біз қарым-қатынастарымызды бағалаймыз және әрі қарай дамыта береміз. Мен бұрын айтқанымдай, санкциялар жағдайында экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құруға ерекше назар аудару керек, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті елшілік қызметі алдағы уақытта да екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды жақындатуға және нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

  Ресейде тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы және сәулетшісі, Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы ретінде Сізге үлкен құрметпен қарайды. Сіз дамудың стратегиялық бағытын сақтаудың кепілі болып қала бересіз,  – деді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Сондай-ақ, Ресей Елшісі сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту үшін перспективаның бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорындарын құру және дамыту, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50