Қоғам • 29 Тамыз, 2019

СІМ өңірлердегі фронт-офистердің жұмысымен танысты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

СІМ өңірлердегі фронт-офистердің жұмысымен танысты

Елдің отандық экономикасына инвестиция тарту жүйесін өңірлік деңгейде тиімді іске асыру мақсатында Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында белгіленген кеңестер өткізді, оның шеңберінде жергілікті жерлерде инвестиция тартуға жауапты жиналысқа қатысушыларға тиісті ұсынымдар берілді.

СІМ

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Е. Хаиров өңірлік фронт-офистердің – «Бизнес супермаркет» (Шымкент қ.) және «Кәсіпкерлер үйі» (Қызылорда қ.) қызметімен танысты, сондай-ақ Шымкент қаласындағы бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады. Ол кілем бұйымдарын өндіретін «Бал Текстиль» ЖШС, аяқ киім фабрикасы «Lux Shoes» БК ЖШС мен шұлық-ұйық өнімдерін жасайтын «Әлем БТ» ЖШС кәсіпорындарына барды.

Қызылорда облысында қазақстандық СІМ өкілі «Orda Glass» ЖШС шыны зауытында болды.