Қазақстан • 29 Тамыз, 2019

Ата Заң рөлі талқыланды

797 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ата Заң рөлі талқыланды

Іс-шара елдегі әлеуметтік, құ­қықтық және демократиялық мем­лекеттің қағидаттарын бекі­туде Конституцияның рөлі мен әлеуетін жан-жақты тал­қы­лауға арналды. Форумды Конс­ти­туциялық Кеңес ұйымдастырды. Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, Конституциялық Ке­ңес мүшелері, Парламент депу­таттары, Үкімет мүшелері, құ­­қық қорғау мекемелерінің өкіл­дері, сондай-ақ бел­гі­лі отандық құқықтанушы ғалымдар қатысты.

Отырыстың ашылуында Конс­титуциялық Кеңес­тің Төр­­ағасы Қ.Мәми атап өткен­дей, Конс­титуция – егемен­дік пен тәуел­сіздікті бекітетін аса ма­ңызды құжат, мемлекет­ті­лік­тің, қоғамдағы келісім мен тұ­рақтылықтың берік негізі. Не­гізгі Заңды құрметтеу және бұл­жытпай сақтау – алға қойылған ауқымды мақсаттарға жетудің кепілі.

Президент Әкімшілігі бас­шы­сының орынбасары Ә.Рақышева, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қо­ры атқарушы директорының орын­басары И.Рогов қатысушы­ларға өз құттықтау сөздерін арнады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұ­мағалиев, Конс­ти­туциялық Кеңес­тің мүшесі В.Ма­линовский, Жоғар­ғы соттың, Бас прокуратураның, Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің, Әді­лет, Денсаулық сақтау, Ақпа­рат және қо­ғамдық даму минис­тр­ліктерінің және ғылыми қоғам­ның өкілдері Конституция не­гіздерін іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Панельді сессияларда аза­маттардың конституциялық әлеу­меттік құқықтарын іске асыру құралдарын күшейту, құқық үс­темдігін бекіту, қоғамды демо­кратия­ландыру, мемлекеттік бас­қаруды және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жаппай цифрландыру процесінде жеке тұлғаның мүдделерін қорғау кепілдігін нығайту бағыттары қозғалды.

Дөңгелек үстел аясында Конс­титу­цияның үстем­дігін қам­та­масыз ету және қазақстан­дық­тардың конституциялық мәдениетін арттыру ісі бойынша журналистер арасында ұйымдас­тырылған конкурстың жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, бұл конкурс өт­кен жылы Конституция күніне арналған халықаралық конференцияда жарияланған болатын.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға кон­курсқа белсенді қа­тыс­қаны үшін алғысын білдірді және ха­лықтың конституциялық-құқықтық са­насын жаңғырту бойынша кәсі­би қыз­метіне табыс тіледі. Лау­реаттарға Құр­мет грамоталары және естелік сый­лық­тар берілді.

Конституциялық Кеңестің Төр­ағасы бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкіл­деріне арнаған сөзінде бүгінгі таңда конститу­циялық-құқықтық сипаттағы мә­селелерде маманданған кәсіби журналистерге деген үлкен сұ­раныс бар екенін атап өтті.