Кездесу барысында 2016-2020 жылдарға арналған бес жылдық бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі Даму күн тәртібі мен Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыру, сонымен қатар Дамуға ресми көмектің ұлттық жүйесін дамыту шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Үкіметі ОДМ-ды жүзеге асыру бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Осы жылдың шілде айында біздің еліміз Нью-Йорк қаласындағы жоғары деңгейдегі саяси форум аясында ОДМ-ды жүзеге асыру бойынша алғашқы ерікті ұлттық шолуды ұсынды.
Я. Бериш ҚР мен БҰҰДБ ынтымақтастығының үнемі артып келе жатқанын қанағаттанарлықпен атап өтті, Министрді БҰҰДБ қызметі, Қазақстанда өткізіліп жатқан іс-шаралар мен жобалар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Үкіметіне Алматы қаласында БҰҰ түрлі агенттіктері орналасқан жаңа ғимарат үшін алғысын білдірді.