Қазақстан • 29 Тамыз, 2019

СІМ басшысы ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілімен кездесті

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СІМ басшысы БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілі Артур ван Дизенмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

СІМ басшысы ЮНИСЕФ Балалар қорының жаңадан тағайындалған Қазақстандағы Өкілімен кездесті

ЮНИСЕФ Балалар қорына Қазақстан Үкіметіне балаларды қорғау мәселелері бойынша көрсетіп жатқан қолғабыс үшін алғыс білдірілді. 2019 жылы ЮНИСЕФ Қоры мемлекетімізде ювеналды әділетті дамыту, балаларға мейірімді сот төрелігін құруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан Үкіметімен ынтымақтастығын белсенді жалғастырып келеді.

БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Қазақстан аумағында әрекет ететін БҰҰ-ның ең ірі агенттігі болып табылады. БҰҰДБ Қазақстанға көмек көрсету бағдарламасын 1993 жылы бастады. 1994 жылы қазанда ҚР Үкіметі мен БҰҰДБ арасында Қазақстандағы бағдарлама қызметінің басым бағыттарын қамтитын ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

ЮНИСЕФ өз жұмысын Қазақстанда 1992 жылы бастады. 1999 жылы Алматыда Орталық Азия елдері мен Қазақстан бойынша аймақтық офис ашылды, 2001 жылы Нұр-Сұлтанда кеңсе ашылды.