Салтанатты шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Асқар Мамин, Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қат ысуда.
Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі ең үлкен ядролық сынақ полигонын жабудың 25-жылдығына орай, өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және жаһандық қауіпсіздікті күшейтуге нақты үлес қосқан, соғыс, терроризм, жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы және кедейлікті еңсеру жолында берік тұрған әлемдік қайраткерлерді және ұйымдарды қолдауды көздеген «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздікке үлес үшін Назарбаев сыйлығы» тағайындалған болатын. Аталған сыйлықтың алғашқы лауреаты Иордания королі ІІ Абдалла болған еді. Сыйлық корольге 2016 жылғы 16 қарашада Астанада өтетін салтанатты іс-шарада табысталды.
Лауреатты таңдағанда Иорданияға 1,5 миллионнан астам сириялық босқындарды қабылдау мен, соның ішінде өңірде ядролық қарудан азат аймақты құру арқылы Таяу Шығысты бейбітшілік аумағына айналдыру бағытындағы батыл жігері үшін Корольдің ғаламдық бейбіт пен қауіпсіздікке қосқан үлесі назарға алынды. Сыйлық Елбасының 2016 жылғы сәуірде Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік саммиті барысында жарияланған «Әлем. XXI ғасыр» манифесі идеяларына орай бекітілген.
Сыйлықты тағайындау Қазақстанның мемлекеттер мен саясаткерлердің адамдардың қайғы-қасіретіне жол бермеу мен жаһандық бейбітшілік жолын қуу үшін жауапкершілікті өз мойындарына алуға тиісті екендігіне деген кәміл сенімділігін куәландырады. Сыйлық халықаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністікке деген сенімге ортақтасатын беделді қайраткерлерді ұлықтайтын болады.