22 Ақпан, 2013

Ұлттық нақыш сәулет өнерінің сәніне айналса игі

1739 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Ұлттық нақыш сәулет өнерінің сәніне айналса игі

Жұма, 22 ақпан 2013 7:23

Соңғы жылдары елімізде құры­лыс жұмыстары өрістей түс­кені белгілі. Тіпті, «Астана қа­ласы әлемді таңдандыратындай болып салынып жатыр» дегендей пікір­лерді де жиі еститін болдық. Өзге қалалар мен ауылдарда да құрылыстар бой көтере бастады. Әрине, бұл – қуанарлық жәйт, құп­тарлық бастама. Алайда, осы­нау қаптап салынып жатқан құ­ры­лыстардың сәулеті мен сәні қандай? Осындай сауалға жауап іздесек, әсіресе, ұлттық сипат, ұлттық сәу­лет пен сән, ұлттық нақыш жетіс­пей жатқаны еріксіз ойға оралады. Сонымен қатар, құрылыс салуға сәулетшілерді қатыстырмау, жобалауда қазақ сәулетшілерінің пікірін, талабын ескермеу салдарынан кемшіліктер де бар екенін айтпауға болмас. Өйткені, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары ұлғая түспек. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмені өткізу үшін 5 млн. адам келетіндей құрылыс жұмыстары қауырт қолға алынбақ.

Жұма, 22 ақпан 2013 7:23

Соңғы жылдары елімізде құры­лыс жұмыстары өрістей түс­кені белгілі. Тіпті, «Астана қа­ласы әлемді таңдандыратындай болып салынып жатыр» дегендей пікір­лерді де жиі еститін болдық. Өзге қалалар мен ауылдарда да құрылыстар бой көтере бастады. Әрине, бұл – қуанарлық жәйт, құп­тарлық бастама. Алайда, осы­нау қаптап салынып жатқан құ­ры­лыстардың сәулеті мен сәні қандай? Осындай сауалға жауап іздесек, әсіресе, ұлттық сипат, ұлттық сәу­лет пен сән, ұлттық нақыш жетіс­пей жатқаны еріксіз ойға оралады. Сонымен қатар, құрылыс салуға сәулетшілерді қатыстырмау, жобалауда қазақ сәулетшілерінің пікірін, талабын ескермеу салдарынан кемшіліктер де бар екенін айтпауға болмас. Өйткені, алдағы уақытта құрылыс жұмыстары ұлғая түспек. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмені өткізу үшін 5 млн. адам келетіндей құрылыс жұмыстары қауырт қолға алынбақ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­­­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­­тасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» Жолдауында «Ел­дің да­мудың «жасыл» жолына кө­шуі­­не Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс» деп мәлімдеді. Сон­дық­тан, құ­­рылысқа тың серпін беру үшін сәу­лет саласындағы ол­қы­лықтарды ай­­тудың пайдасы мол болмақ деп ойлаймын.
Жалпы, мәдениеттің ішінде, ең негізгісі сәулет өнері деп білемін. Бұл өнердің ерекшелігін танытатын – бейнелеу өнері. Ғимараттар мен алаңдардың сәулеті мен сәні монументалдық жеке тұрғызылған мүсін немесе монументалдық (ғимарат қабырғаларындағы) әр тақырыптағы нақыштар мен суреттер болып табылады.
Әр қала, ауылдың сәулеті мен дәулеті, сәні мен мәні бірдей болмайды. Елді мекеннің орналасқан жеріне, тұрғындар санына, негіз­гі өндіріске, ауа райына, т.б. жағ­дайларға қарай сәулеттендіру ерек­шілігі болмақ. Бірақ, қандай үлкен немесе кіші елді мекенде болсын сәулетшілердің басты мақсаты – тұрғындардың талғамына, өмір-тіршілігіне орай жобалар жасау. Мысал ретінде, Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының сәулетіне тоқ­талайық. Қала Іле Алатауының бөктерінің ең көрікті жеріне орна­ласқан. Бұрын Алматы қаласы оң­түс­тігінде Тимирязев көшесі, шығысында Кіші Алматы өзені, сол­түстігінде – қазіргі Райымбек көше­сі, батысында – Ж.Саин кө­ше­лерімен шектелген. Сол кезде қала тұрғындарының өмір-тір­шілігі қолайлы болатын: ауасы таза, тұрғындар жұмыс орындарына 30-40 минутта жететін. Тау бөк­теріне дейін, желекті жерде мал бағылатын, бау-бақша, жеміс-жи­дек, көкөніс, әсіресе, дүние жүзіне атағы шыққан «апорт» алмасының бақтары мол болатын. Алматының сәулетіне қоса, көше бойлап таудан самал жел есетін, ауа таза болатын.
Сол кезде, сәулетшілердің ал­дын­да бір-ақ мақсат тұрды. Ол – барлық қала тұрғындарына бір­дей қолайлы өмір сүруге жоба жа­сап жүзеге асыру. Сондықтан, тау бөктері, тау шатқалдары, оның тамаша сұлу табиғаты, мөл­дір, сарқыраған сулары барлық тұр­ғын­дарға демалуға да қолайлы болған.
Ал, соңғы жылдары қалай болды? Алатау бөктерінің құнарлы жеріне құрылыс салынды. Қаланың іші жаңа ғимараттарға толып кетті. Жүздеген жылға шыдайтын тұрғын үйлер, ғимараттар қиратылып, ор­нына зәулім құрылыстар жүр­гізілді. Бұл үшін қаншама қаржы жұмсалды десеңізші! Сондай-ақ, қазір көшелерді қанша кеңітсе де, жол айрықтарды қанша салса да автокөліктің көптігінен ал­ма­тылықтардың өмір тіршілігі оңа­лар емес. Осындай шығынға бат­пай-ақ, қала шекарасын кеңейтіп, жазық, бос жатқан жерлерге құ­рылыс жүргізуге болар еді.
Ал, құрылыс қалай салынып жатыр? Мұндағы жоба, сәулет қа­лай? Бұрын Сәулетшілер одағы­ның мүшелері жиналып, қалада қандай ғимаратты қолайлы жерге тұрғызатынын талқылайтын. Сөйтіп, қай жерге ғимаратты қалай орналастыру белгіленетін. Бірде мен «Самал» тұрғын ауданында 10 мың адамға арналған спорт кешенін салуға қарсы пікір білдіріп, оны нақты дәлелдеген едім. Ақырында, бұл құрылыстың темір қаңқасы көтерілсе де, кейін ол бұзылып, «Самалда» спорт кешені салынбайтын болды.
1984 жылы Алматы қаласының сәулеті жөнінде мәселе көтеріп, «Социалистік Қазақстан» газе­ті­не «Қала құрылысы және таби­ғат» атты мақала шығардым. Ма­қа­ламды талқылау нәтижесінде Абай даңғылында самал желді өткізбейтін биік ғимараттар тұр­ғызылмайтын болды. Көшелерде сауда-саттық, мәдени, асхана, ка­­фелер, т.б. тұтынушылардың құ­­рылыс орындарын тұрғын үй­лердің бірінші қабаттарына орналастырмай, автобус, трамвай­ жолдары кеңейтілді. Бұл сәулет әдісі тұрғындарды шудан, шаңнан, көлік газынан қорғайтын қалқан болды. Ол кезде баспасөзде жа­рия­ланған өзекті мақалаларды атқару органдары талқылап шешім шығаратын.
Соңғы жылдары «салынған зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлердің ұлттық сәулеті мен сәні қандай?» дегендей сауалды жиі естіп жүрміз. Мұндай сауалға кәсіби маман ретінде пікір білдірудің мәні зор болуы мүмкін. Жаңадан салынған ғимараттар мен тұрғын үйлердің басым көпшілігінде шетел сәулет үлгілері басым. Сонымен қатар, өткен ғасырлардағы Еуро­па­ның сәулет үлгілері (готика, классицизм, модерн, эклектика) жиі ұшырасады. Өзіміздің ұлт­тық ізденіс тапшы. Ғимараттар топ­тасқан жерде көркемдік үйлесімді (ансамбльді) құрамайды. Әр ғимарат өзімен өзі жеке-дара тұр. Ғимараттар мұнараларға ұқсайды, бір-біріне өте жақын орналасқан не болмаса көшеге тақап салынған. Ғимараттардың ішіндегі жағымсыз иіс қолқаны атады. Мысалы, Алма­тыдағы «Орбита» шағын ауданында «Алма» аталатын ғимараттың терезелерін түгел жауып тастаған. Осы көріністер нені айғақтайды? Бұл сәулетшілердің білімсіздігін көрсетеді. Адам тіршілік ететін бөлмелерге күн түспесе рахит, туберкулез, көз аурулары пайда болатынын сәулетшілердің ойға алмағаны таңдандырады. Тіпті, «Ақсай» шағын ауданында Саин даңғылы бойындағы көп­ қабатты зәулім тұрғын үй­лер­дің қабырғаларына крест белгісі салынғаны шектен тыс сорақылық болса да оны өшіріп тастау ешкімнің ойына кіріп шығар емес.
Астананың сәулетіне келсек, бұрынғы Целиноград аталатын кезде сауатсыз, шовинистік көзқарастағы қала сәулетшілерін өткір сынға алған едік. Олар мәдени ескерткіштер мен үйлерді бұза бастағанда «Лицо города» («Казахстанская правда» газетінде 1978 ж.) «Архитектура және тарих» («Социалистік Қазақстан» газетінде 1978 ж.) мақала жазып, оларға тоқтау қажеттігін ашына айтқан едім. Сол қиратылудан аман қалған ескерткіштер осы күнге дейін сақталып келеді. Қазіргі кезде Сәкен Сейфуллиннің мүсіні Астананың төрінде тұр.
Сондай-ақ, ауылдар мен ша­ғын қалалар сәулеті де сын көтер­мейтін болып барады десем, жаңсақ айтқандық болмас. Алысқа, бармай-ақ, Алматының жа­нындағы елді мекендерге көз жүгіртсек, 1-2 қабатты үйлер қа­лай болса солай, бір-біріне жабыс­тырыла, ретсіз салына бергенін көресіз. Көшелері тар, машина зорға өтеді. Арнайы жаяу жүретін жолдар жоқтың қасы. Қиылысқан көшелер өте аз болғандықтан, көлік те, жаяу адам да келесі көшеге өту үшін ұзақ айналым жасап жүруге мәжбүр. Балалар ойнайтын, тұрғындар ­демалатын орталық (мәдени, сауда, түрлі кеңселер) алаңдар жоқ.
Бір сөзбен айтқанда, қала мен ауыл сәулеті мүшкіл жағдайда деуге болады. Мұның бір себебі, сәулетшілер дайындайтын оқу орындарында қазақ тілін, төл мә­дениетін, бейнелеу өнерін білетін ұстаздар саусақпен санарлық. Басым көпшілігі қазақтың тарихын, мәдениетін білу былай тұр­сын, қазақша зорға сөйлейді. Батыстың мәдениеті мен өнеріне ғана табынатындардан не күтуге болады?
Алдағы уақытта ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналып са­лынған құрылыстар кейін Қазақ­стан тұрғындарының мекеніне айналмақ. Демек, мұндағы әр ғи­марат жанында спорт, ойын алаңдары, бақша, мал, құс өсіруге арналған ауқымды орындар жа­сауға қазақ жерінің кеңдігін пай­далануға мүмкіндік мол. Сон­дай-ақ, мұнда салынатын ғима­рат­тарды қазақтың ұлттық сәулет өнерімен безендіру, Астананың, тіпті, бүкіл қазақ елінің ерекшелігін танытатындай зәулім монумент тұрғызу мәселесін ойластыру қажет.
Төлеубек ҚАРАМЕНДЕТЕГІ,
сәулет ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі.
АЛМАТЫ.