Қазақстан • 29 Тамыз, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы кездесу барысында Қазақстанның МАГАТЭ-мен ынтымақтастық деңгейінің  жоғары және өзара іс-қимылының тиімді екенін атап өтті. Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ Бас директорының орынбасары Мэри Элис Хейуордпен кездесті

- Бүгінгі салтанатқа қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Қайтыс болған Амано мен Лассина Зербо мырза берілген марапатқа лайық деп санаймын. Қазақстан МАГАТЭ-мен белсенді жұмыс істейді. Біз ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарды қалпына келтіру бойынша бірлесіп қызмет етеміз және төмен байытылған уран банкінің жұмысына қатысамыз. Біздің «Қазатомпром» компаниясы аталған Банктің жеткізушілерінің бірі», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Мэри Элис Хейуорд Елбасына МАГАТЭ-ні белсенді қолдағаны және  бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын жеткізді.