- Біз Сіздің ұйымыңызбен тығыз ынтымақтамыз және оның барлық саласына қатысты Сіздің жұмысыңызды қолдаймыз. Сіз аса маңызды жұмыс істейсіз. Барша адамзаттың игілігі үшін бірлескен қызметті одан әрі қарай да жалғастырамыз деп сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде ЯСЖТШ Атқарушы хатшысы жаһандық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
- Бәлкім, ядролық қарудан азат әлем құру және ядролық сынақтарға тыйым салу жолындағы біздің мақсаттарымызды айқындай алатын көшбасшы дүниежүзі бойынша жоқ. Мен Сіз қалыптастырған мұраны жалғастыруға ниеттімін. Сіз жасағанның барлығы – дамужолындағы әлем үшін үлгі», - деді Лассина Зербо.