Қазақстан • 30 Тамыз, 2019

Негізгі Заң һәм адамның ар-ожданы

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы.

Негізгі Заң һәм адамның ар-ожданы

Ата Заңымыздың алғашқы бабын­да айқын жазылғандай, мемлекеттің ең қым­бат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостан­дық­тары. Тегіне, нәсіліне, ұлтына, тілі мен дініне байланысты ешкімді кемсітуге болмайды. Өйткені Конс­титуция бойынша адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

Асыл дініміз – Исламда адамның қадір-қасиеті, ар-ожданы, наным-сенімі жоғары мәртебеге ие. Алла елшісі: «Уа, халайық! ... Мына қала (Мекке) қандай қасиетті болса, жандарың, малдарың, намыстарың да сондай қасиетті, әртүрлі зорлық-зомбылықтан қорғалған...», деп өсиет қалдырған. Құран Кәрімде «Бақара» сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ...» деп баян­далған.

Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғам­дық тәртіп орнаған қауым қашанда өркениет көшінен қалмаған. Даңқ­ты батыр бабамыз Бауыржан Момыш­ұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», деген ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек...

Алла Тағала жұртымызға ты­ныш­тық, елімізге амандық берсін! Ата Заңымызды ардақтаған бейбіт сүйер халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйыс­қан ұлтымызға татулық мәңгілік тұрақ­тасын деп тілейміз. Әмин!

 

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти