Екі күн ішінде 2117, оның ішінде қоғамдық орындарды 286, көшелерде 14 қылмыс тіркелді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1287 қылмыстың ізін суытпай ашты.
91 қылмыскер ұсталды, оның ішінде өткен жылдары іздеу жарияланған 9 қылмыскер қолға түсті.
Полицейлер тұрғындардан заңсыз сақталған 66 қару, 61,5 кг есірткі құралдары алынды.
Сондай-ақ 35,3 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішу, балаларды тәрбиелеуде ата-ана міндеттерін орындамау, елімізде болу тәртібін бұзу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау, көлік құралдарын мас күйде басқару фактілері анықталды.
Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлерінің іс-қимылы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталады.