Руханият • 30 Тамыз, 2019

Ұлттық академиялық кітапханада «Ашық есік күні» өтеді

160 реткөрсетілді

1 қыркүйек күні сағат 11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада «Ашық есік күні» атты мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен, сирек және құнды кітаптармен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту. Сондай-ақ Қазақстанның ақпараттық брендіне арналған Қаз ҰЭК-мен таныстыру.

Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы порталын жылына 100-ге жуық оқырман  пайдаланады.

Мерекелік жиын барысында Абайдың 175 жылдығы және Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған көлемді илюстрациялық кітап көрмесі, «Білімді ұрпақ - мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел, «Балалар кітапханасының озық оқырманы»  сайыс сағаты, «Аңыздың ақыры - көркем шежіре», «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы, «Білім әлеміне саяхат» кітапханалық керуені, «Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасы» веб-экскурсия, «Елдің зияткерлік нышаны» кітапхана сабағы, «Кітап әлеміне саяхат» библиосерфинг, «Ұлы даланың жеті қыры» кітап көрмесімен таныстыру,  «Ертегі терапиясы», ертегіші Күлаш әжемен кездесу кештері ұйымдастырылады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Оралда Қадыр кеші өтті

Аймақтар • Бүгін, 11:07

Ұқсас жаңалықтар