30 Тамыз, 2019

Алматы облысында белсендіге оқ атты деген күдікпен ауыл әкімі ұсталды

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға оқ атты деген күдікпен ауыл әкімі мен оның көлік жүргізушісі ұсталды. Қазір екеуі де Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында белсендіге оқ атты деген күдікпен ауыл әкімі ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күдікті Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылдық округінің әкімі Нұрғали Аппазов пен оның көлік жүргізушісі Ғани Сманов.

Қазір күдіктілердің үстінен бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыз күні қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға Талғар қаласындағы әкімдік ғимаратының тура жанында белгісіз біреулер оқ атқан. Артынша жәбірленуші Алматы қаласының ауруханасына жеткізілді.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.