Президент • 31 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті елдің Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті құттықтау жеделхатында Қырғызстанның өз егемендігі жылдарында ауқымды жаңғыру жолынан өтіп, мемлекет құру ісінде зор жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Бішкек арасында қалыптасқан көпғасырлық достық, көршілестік және өзара сенім сипатындағы іс-қимылдарды Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынына ерекше мән берді. 

«Біздің елдеріміздің арасында орнаған ашық және тұрақты саяси диалог алдағы уақытта да қазақ-қырғыз қатынастарының стратегиялық серіктестік және өзара қолдау рухында жан-жақты нығая беруіне ықпал етеді деп сенемін», - делінген жеделхатта.