Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2019

Петропавл қаласындағы алтыншы қазақ мектебі

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім күні облыс орталығындағы «Береке» ықшамауданында  600 орындық қазақ  мектебі өз есігін айқара ашып, оқушылар мен ата-аналарды үлкен қуанышқа бөледі.

Петропавл қаласындағы алтыншы қазақ мектебі

   Соңғы 12 жылда бас шаhарда бірде-бір білім үйі салынбаған екен. Бұл алтыншы қазақ мектебі саналады. Қала әкімі Болат Жұмабеков  жиналғандарды  алғашқы қоңырау соғылу мерекесімен құттықтап,  ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тіледі.

    Құрылыс жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталуына 1,5 миллиард теңге жұмсалып, үш қабатты нысанның тұрғызылуымен «СК-Зердеу»  компаниясы айналысқан.

    Мектеп директоры Сәуле Тұрсынова 34 кабинеттің  24-не  интерактивті тақта мен  ЛЭД-экран қойылғанын, 130 орынды асхана, акт,  үлкен, кіші спорт залдары, лифт жұмыс істейтінін жеткізді. 70 адам жұмыспен қамтамасыз етілген, олардың  45-і–мұғалімдер. Әр бала үшін  арнайы киім орны қойылған.

  «Серпін» бағдарламасы арқылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  мамандығын алып шыққан Әділбек Амантай осында жұмысқа қабылданыпты. Жамбыл ауданында жабылып қалған Орталық мектебінен келген Самат есімді дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі және биыл жоғары оу орнын бітіріп келген 6 жас маман да еңбек жолын осында жалғстырмақ.

   «Жас Өркен» шағын ауданында салынып жатқан 900 оқушыға лайықталған қазақ мектебі биыл іске қосылатын болса, тағы бір білім үйіне жер телімдері бөлініп, құжаттары рәсімделуде, Сонда Петропавл қаласында барлығы 8 ұлттық мектеп болады. Бұл жағынан еріскей өңірлерде озып тұр.

 Солтүстік Қазақстан облысы.

 Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.