Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2019

Қанат Бозымбаев 33 жыл бұрын түлеп ұшқан мектебіне барды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін жаңа оқу жылының басталуына орай ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Алматы қаласындағы өзі оқыған № 83 мектеп-гимназияда салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қанат Бозымбаев 33 жыл бұрын түлеп ұшқан мектебіне барды

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шара барысында Қ.Бозымбаев алғашқы ұстаздарымен жүздесіп, ардагер педагогтарды, 1-сынып табалдырығын аттаған оқушыларды Білім күнімен құттықтады. Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты ашық сабаққа қатысып, жоғары сынып оқушыларымен сұхбат құрды. Ол балалық естеліктерімен бөлісіп, арман-мақсат туралы тақырыпта әңгімелескен. 

«Мектеп бітіргенімізге қанша жыл өтсе де, қанша есейіп, азамат болсақ та, осы мектеп біздің ең алғашқы алтын ұямыз секілді ыстық көрініп тұрады», - деді министр. Ведомство басшысы әр сыныпты жеке аралап, 33 жыл бұрын тәлім берген мұғалімдерімен әңгімелескен. Айта кетейік, Қанат Бозымбаев аталған мектептің 1986 жылғы түлегі. Министрліктің баспасөз қызметі оның оқушы кезіндегі фотосуреттерімен бөлісті.