Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2019

Биыл елордада жол апаттарынан 70 бала жарақат алған

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-алдын алу шарасы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл елордада жол апаттарынан 70 бала жарақат алған

Рейд 1 -30 қыркүйек аралығында өтеді.

Полиция департаментінен мәлім еткендей, оқу жылының басталуына орай полицейлер мектептер маңындағы жол белгілері мен жаяу жүргіншілер жолақтарын тексеріп шыққан.

«Қазіргі кезде 91 мектеп, 100-ден астам балабақша мен шағын орталықтар, 42 колледж маңына тексерістер жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекемелерге хаттамалар жіберілді. Сонымен қатар, оқушыларды тасымалдайтын мектеп автобустары тексерілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ювеналдық және әкімшілік полиция қызметкерлері балалар мен ата-аналар үшін профилактикалық акциялар өткізеді, Жол жүру ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында рейдтер ұйымдастырады.

«Елордада осы жылдың жеті айы ішінде кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 67 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 3 бала мерт болды, 70-і түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Ал балалардың кінәсынан болған 37 жол-көлік апаты тіркелді», - деді департаменттен.