Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019

Әлем чемпионатының медалі таныстырылды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим, еркін және әйел­дер күресі бойын­ша 2019 жыл­ғы әлем чем­пио­­­натының ұйым­­дас­ты­ру­шылары жа­һан­дық бірін­ші­л­іктің жеңімпаздары мен жүл­дегерлеріне бері­летін медаль­дардың дизайнын таныс­тырды.

Әлем чемпионатының медалі таныстырылды

Нұр-Сұлтанда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатының ұйымдас­тыру­шылары медальдарды стандартты дөңге­лек пішінде жасаудан бас тартып, үш­бұрыш түрінде жасап шықты. Бұл – күрес­тің үш түрінің біртұтастығын білдіреді.

Әлем чемпионаты ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ерлан Қожасбайдың сөзінше, медальдың алдыңғы жағында Қазақстан астанасының бас­ты көрнекті жері – «Бәйтерек» монументі мен әлем чемпионатының логотипі бейнеленген. Ал логотиптің ортасындағы сызықтар күрес әдісін білдіреді. Медальдың сыртында күрестен биылғы әлем чемпионатының символы саналатын қар барысы бейнеленген.

Еске сала кетейік, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Елордада өтетін байрақты бәсеке күрес түрлерінен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпия ойындарына жолдама беруші алғашқы турнир болмақ. Дүние жүзінің 100 елінен келетін 1002 балуан бір апта бойы Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» мұзсарайында белдесетін болады.