Парламент • 02 Қыркүйек, 2019

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.

«Баршаңызды жаңа Парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймыз. Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. 30 жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың басшылығымен еліміздің әлемдегі беделді мемлекетке айналды»,- деді Мемлекет басшысы.  

Еске салсақ, бірлескен отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жасайды.