Руханият • 02 Қыркүйек, 2019

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураларды апробациядан өткізді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіің тапсырмасын іске асыру мақсатында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізді.

Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураларды апробациядан өткізді

Апробация жұмыстары облыста ағымдағы жылдың 19-тамызынан басталды. Сынама Тілдерді оқыту орталығының базасында ұйымдастырылды.

Апробацияға әртүрлі сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, білім мен мәдениет саласы, әскери және құқық салалары,  банк қызметкерлері, IT-мамандары, барлығы 627 адам сынама жұмыстарына қатысып, клавиатураларды жұмыс барысында пайдаланудың тиімділігін анықтады.

Сондай-ақ апробацияға басқарма мен тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік желідегі ақпараттарынан хабарланып, өз ынтасымен сынама жұмыстарына қатысқан тұрғындар да бар. Бұл латын графикасындағы жаңа әліпбиге деген облыс тұрғындарының оң көзқараста екенін білдіреді.

Сынама жұмыстарына қатысқандардың басым бөлігі – жастар (21-40 жас аралығы).

Апробацияға қатысқан респонденттер клавиатура бойынша кездескен кемшіліктер туралы өз ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстар өз кезегінде тыныс белгілері мен жиі қолданылатын әріптердің орналасу ретіне байланысты келтірілген.

Жалпы сынама жұмысына қатысқандар клавиатураны негізінен ыңғайлы деп тапты. Клавиатураны жетілдіру бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданды.