Руханият • 02 Қыркүйек, 2019

«Менің Әуезовым» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған байқау өтеді

525 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рухани жаңғыруымыздың бір дәлеліндей жастар мен жасөсіпірімдер бойында мәдениетімізді, тарихымызды, әдебиетімізді кеңінен насихаттау мақсатындағы игі шара мектеп оқушылары арасында басталмақ.  Аталған тақырыптағы байқау М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан 2012 жылдан бері дарынды оқушылар арасында ұйымдастырылып келеді.  Дәстүрлі байқаудың мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулу, ғылыми зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту.

«Менің Әуезовым» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған байқау өтеді

Байқауға шығармалар жолдағандар мына талаптарды ескеру қажет: шығарма мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс; шығарма конкурсқа қатысушының дербес ғылыми-шығармашылық ізденістерінің нәтижесі болуы тиіс; -        шығарма авторы 9-11 сынып оқушысы болуы керек; -         шығарма көлемі А4 форматында (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жол аралығы – 1) 3-5 беттен аспауы тиіс;  шығарма мәтінінің жоғарғы оң жағында талапкердің толық аты-жөні мен нақты мекен-жайы (байланыс телефон міндетті түрде), сынып, мектеп атауы толық көрсетілуі тиіс.

Талапкерлер шығарманы «М.Әуезовтің тұлғалық жеті қыры» еркін тақырыбында жолдай алады.  Конкурсқа ұсынылған шығармалар 2019 жылдың 24 қыркүйегіне дейін қабылданады. Конкурсқа қабылданған шығармалар анти-плагиат бағдарламасы бойынша тексеруден өтеді.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жетекші ұстаздары 2019 жылдың 27 қыркүйегінде өтетін М.О.Әуезовтің туғанына 122 жыл толуына арналған жас ғалымдардың «ХVІ М.О.Әуезов оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында марапатталады. Үздік шығармалар конференция материалдарының жинағында жарияланады.

Конкурсқа қатысатын оқушылар өз жұмыстарын 050010, Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі 185, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы мына мекен-жайына жіберуі тиіс. Байланыс телефондары +7 (727) 261-22-27;  [email protected]

 

АЛМАТЫ