Жергілікті полиция қызметінің полицейлері, учаскелік полицейлер жаяу жүргіншілер жолағынан өтетін оқушыларға, қала тұрғындарына көмек көрсетіп, жол қозғалысын бақылайды. Полицейлер таңғы сағат 7-ден бастап мектеп алдында тұрып балалардың қауіпсіздігін қадағалауда. Осылайша, ата-аналар енді мектеп алдындағы жолақтан күнделікті өтетін балаларының қауіпсіздігіне алаңдамайтын болды. «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы аясында өткізіліп жатқан бұл іс-шара Түркістан облысының барлық аумағында ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол жүру ережесін сақтаудың маңыздылығын ескертті.