Президент • 02 Қыркүйек, 2019

Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдады

Қазақстан Президенті өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықбаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.